0 дауыс
609 көрілді
Қазақстанның 7 кереметін білсеніздер, айтып кетініздерші. Нақтырақ (әркім өз ойын емес) мынау 7 керемет деп анық айтылған болса

2 жауап

0 дауыс
Мысалы: Байтерек..Алтын адам..ок жетпес..жане т.б
+1 дауыс
Анық айтылған еш жерде жоқ, әркім өз ойын жазғаны жөн шығар.  Газетте жазылған дегеннің өзінде де ондағы мақала журналисттің ойынан шыққан туынды емес пе? Жеті кереметтің көбі Астанада шығар.

1. "Әнші тау". Ғылымның зерттеуге шамасы жетпеген құм тауы. Астында бос кеңістік бар сияқты көрінеді. Сәл жел болса орасан зор дауыстар шығады. Негізі мұндай дауыс барлық құмнан шығады, тек  Әншітаудағы "әннің" неліктен шамадан тым  қатты шығатыны белгісіз.

2. "Бәйтерек".  Астанадағы биік мұнаралардың бірі. Астананы алақандай көруге болады. Әлемде "Қазақстанның астанасы" дегенде естеріне осы ғимарат түседі.

3. "Хан шатыр". Бір өзі супермаркет, ойын орталығы, базар, парк, т.с.с. Сырты да шатырға ұқсайды, іші де солай. Этаж саны көп, келушілердің арасында балалар саны жоғары.

4. "Мега". Барлық  КВН әзілдеріне қыстырылмай жүрмейтін Алматылық супермаркет болуы керек.

5.  "Оқ жетпес". Көкшетау көркі.  Биік, бас айналдырады. Кезінде Балуан Шолақ шыққан шың. Төбесіне шыққан адамға Көкшетаудың 80 емес, 160 көлі бар сияқты болып көрінеді дейді екен жұрттар.

6. "Алтын адам". Бұл жерде айтылған "Алтынымыз"  Нұрсұлтан Назарбаев емес, Алтын киімді адам. Сақ жауынгері.  Алтын киімімен, жарақтарымен қоса жерленген.

7. "Бурабай".  Бура деген алып осы  көлге келіп өлген екен, денесі суға ағып кеткен.  Сол уақыттан бастап Бурабай аталған екен. Туристік орталық деуге де болады. Бурабай мен Щучье көлін шатастыратындар да жетерлік. Көкшетаудың көркі мен Бурабайдың сәні жарасып - ақ тұр.
Соңғы қосылғаны- Алматыдағы Президент саябағы. http://massaget.kz/alemtanu/Qazaqstanym/13897

Ұқсас сұрақтар

...