+4 дауыс
Бірде құрбыммен кітапханадан кеш шықтым. Сагат 6-да.. Автобус күтіп үйге жеткенімізше қараңғы болып қалды.Құрбыммен үйге жете бергенде бізді патрульдік қызметкер тоқтатты. Ол өз іін таныстырып құрбымның сөмкесін алып тексере бастады. Сізді өзге ел азаматшасына ұқсаттым кешіріңіз деп қояды оған. Патруль қызметкері дөрекілік көрсетсе қайда бару керек? Оның сөмке тексеріп, заттарын ақтаруға құқы бар ма?
13.10.2013 901 қаралым

7 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Патруль қызметкері дегенің полиция ма? Ешкімнің, патруль болсын немесе полиция болсын  біреудің сумкасын алып ішін ақтарып тексеруге құқы жоқ, бұл барып түрған заң бұзушылық және қызметін шамадан тыс асыра пайдалану. Оның өзі заң бұзып тұр. Егер сендер бір күдік туғызсаңдар онда жәй ғана жеке куәлікті сұрауы керек, онда да бірінші тексерудің себебін түсіндіруі керек.Егер күдік тудыратын жағдай байқалса сумканы иесінің өзіне аштырып,ішіндегі заттарды иесінің өзі көрсетуін талап етуі керек. онда да тексеруші қолын тигізбеуі керек. Өзге елдің азаматы болса да оның сумкасын себепсіз тексеруі барып тұрған заңсыздық.Шетелдік деп кез келген жерде сумкасын ақтарып, себепсіз тексере берсе ондай заң қызметкерлері шетелдердің алдында біздің еліміздің имиджін түсіреді емес пе?
13.10.2013
+1 дауыс
Егер өзін яғни аты-жөнін, қызметін, дәрежесін таныстырса тексеруге құқылы. Тек сөмкені иесі ашып көрсетпеген жағдайдағана құқылы болады.
13.10.2013
Олай қорықпаң сөмкені тексеруге құқылы емес олар. Тек қана дәлелді себептермен. Адам өмірі ойыншық емес қо. Заңды білеміз, бұзбаймыз, қорықпау керек.
+2 дауыс
Оның бірінші құжаттарын көрсетуді талап етесін егерді өзі көрсетпесе және кіимгеде қарау керек пагон барма жоқпа!Сосын сенен рұқсат сұрауы керек!Кешірініз маған сіздің сөмкенізді тексеруге рұқсат етініз деп!
13.10.2013
Сөмкеден бұрын құжат сұрау керек емес пе? Егер өзге елдің азаматшасы деп күмәнданса сөмкенің не қатысы бар?
+1 дауыс
Көркем қыз! Патрульдік полицияның кез келген адамның құжаттарын тексеруге, куәгерлердің (понятые) көзінше қалталарыңды, сумкаңды тексеруге және 3 күнге дейін қамауда ұстауға құқылары бар.
14.10.2013
Кітапханаға бармай-ақ қой дейсін оданда
+2 дауыс
Полиция қызметкері сөмкеңді тексерерде,саған не мақсатпен екенін айту керек,сосын оның қасында міндетті түрде екі куәгер(понятые)болу керек және куәгерлер кез келген азаматтық адам (қасындағы екінші полиция емес).Шетел азаматы деп ойласын,ойламасын ең әуелі ол сенің құжатыңды көрсетуін талап ету керек,Тағы бір айта кететін жәйт,сөмкеңдегі заттарды өзің шығарып көрсетуің керек,олардың сенің сөмкеңе қолдарын салуға еш хұқығы жоқ.
15.10.2013
+1 дауыс

білмейд екенмін, бірақ екпін http://yvision.kz/post/378311 қыздарының тексеруге құқысы бар,))))))))))))))))))

19.10.2013
:) Ептііііі
+1 дауыс
Егер де сіз күдік туғыссаңыз патрульдер өз құжатын сізге көрсетіп, өздерін таныстырып, сізден сөмкеңізді тексеруге рұхсат сұрау керек.
27.10.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы