+3 дауыс
2.0k көрілді
Сіздің сүйікті ақыныңыз кім?

17 жауап

+2 дауыс
АБАЙ,МҰҚАҒАЛИ.бірақ оның сізге не керегі бар
Қазіргі кезде кімнің қай ақынды қадір тұтып,қай  өлеңдерін сүйіп оқитынын білгім келді.
+2 дауыс
Сұлтанмахмұт Торайғыров,Мағжан Жұмабаев әрине қазақтың ұлы ақыны-Абай Құнанбаев,Олжас Сүлейменов.
+3 дауыс
Шынымды айтсам ақын жазушылардың аты жөнін білетінім болмаса, бірде-бір өлеңін қызығып оқып көрмедім.
+2 дауыс
ақиық ақын..Мұқағали...М.Жұмабаев....өлеңдерін оқып отырып ерекше күйге енесің...кейде мына жалған фәнидегі тіршіліктен бір сәт...басқа әлемге жетелейтіндей...
+2 дауыс
Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының алыбы-Бауыржан Қарағызұлы деп есептеймін. Бір өлеңінен үзінді келтірейін:

Ұмыт мені...

Ұмыт мені...
ойлама,
өшір мені есіңнен,
Өлсін ойлар, өлсін сөз,
өлсін Өмір есірген.
Менің досым – «Өкініш» – Сенің ессіз ғашығың,
Енді Мен де мыңдаған ғасырлардың жасымын.
Қан аралас жаспын – Мен, өтінемін жолама,
Менің сорлы сезімім қаңғып өлсін далада!
Өлсін дала қамығып,
Өлсін қала қағынып,
Мен де өлейін дұғамда.
Өлсін қазір Уақыт, ұмыт, ұмыт барлығын,
Өлсін түндер көміліп, өлсін шөлдеп зарлы күн!
Аңсар сөзін ұқпадың, Мен адастым жоқ шара,
Кінә тақпа Тағдырға, сосын, Мені ақтама.
Өткен ғұмыр – хақ Тағдыр, келер күндер Еркіңде,
Мен Еркіңде өртендім, Сен айныма сертіңде,
Өлді.
Бітті.
Жоғалды.
+3 дауыс
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұқағали Мақатаев, Қалқаман Сарин.
+1 дауыс
Расул Ғамзатов................................
+3 дауыс
Қазақ әдебиетінің атасы - Абай Құнанбайұлы
+2 дауыс
Мукагали Макатаев Калкаман Сарин
+2 дауыс
Мұқағали Мақатаев, Ақұштап Бақтыгереева, Эдуард Асадов - қазіргі заманғы ақындардан.
+1 дауыс
Мұқағали Мақатаев,Фариза Оңғарсынова,Қалқаман Сарин
0 дауыс
Менің сүйікті ақыным-М.мақатаев,А.құнанбаев,Қ.сарин
+2 дауыс

Мұқағали Мақатаев тек....

 

Меің сүйікті ақыным-Мұқағали Мақатаев,Фариза Оңғарсынова секілді ақындар ұнайды.Шіркін қазір дүниеде болса,талай жақсы-жақсы өлеңдері дүниеге келе еді...

0 дауыс

Ринат Зайтов, Жандарбек Булғақов:)

0 дауыс
А.Құнанбаев,М.Мақатаев.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
10 жауап
0 дауыс
4 жауап
...