0 дауыс
616 көрілді
Анам мен әкемнің туған күні келе жатыр.Туған күндері бір күнде,әр туған күн сайын мен дастархан дайындап, ағам мен тәтемнің алған подаркасына қосыла саламын.Бұл жолы олай жасығым келмейді.Подарка алып берейін десем ақша жетпейді.Көнілден шығып таң қалатындай не істесем болады??Көнілдерінен шығып маған қуана қарайтындай???

2 жауап

0 дауыс
Тағыда дастархан дайында.
адам шын конилимен сураганда... сіздікі мазак кылып жауап берген сияктысыз
0 дауыс
торт жасасай  міне мына тортты

Мәзір: "Зебра" торты

Жақындарыңызға сыйлық жасағыңыз келсе, мына ерекше "Зебра" тортын әзірлеп көріңіз. Басқа торттарға ұқсамайтын бұл тәтті көңіліңізден шығады деп сенеміз!

Құрамы:

Қамыр:

қант - 200г;
сары май немесе маргарин - 200г;
жұмыртқа - 5 дана;
10-15%-ды қаймақ - 500 г;
ұн - 300-350г;
қамыр қопартқышы - 3 шай қасық (немесе 1 шай қасық ас содасы);
какао ұнтағы - 3-4 ас қасық.

Крем:

қаймақ - 400-500 г;
қант - 150 г;
ванильді қант - 2 шай қасық.

Глазурь:

сары май - 100 г;
сүт - 5 ас қасық;
қант - 6-7 ас қасық;
какао ұнтағы - 5 ас қасық.

Дайындалуы

Сары майды қантпен еземіз.

Жұмыртқа қосып, араластырамыз.

Қаймақ қосып, араластырамыз.

Үстінен қамыр қопартқышы мен ұнды қосып, қою емес қамыр әзірлейміз.

Қамырды екі бөлікке бөлеміз. Біреуіне какао қосып, араластырамыз.

Пісіру пішінін майлап оның тура ортасына 1-2 ас қасық какао қамырын құямыз. Үстінен 1-2 ас қасық ақ қамырды құямыз.  Оның тура ортасынан қайта какао қамырын құямыз.

Осылайша жалғастыра береміз.

Пішін қамырға толғанша осылай жалғастырамыз. Бір пішінге қамырдың жартысы кетуі керек. Берілген мөлшерлі құрамдас бөліктерден 2 бәліш шығуы керек.

Қамырды 180 градусқа дейін қызған пешке салып, 30-35 минут пісіреміз.

Бәліш пісіп жатқанда, крем жасаймыз. Ол үшін қаймақ, қант және ванильді қантты араластырамыз. Миксер қолданған жөн.

Піскен бәліштерді суытып, ортасы мен үстінен креммен жағамыз.

Глазурь әзірлеу үшін кішкене кастрөлде сары майды ерітіп, сүт, қант, какао қосып, бір қайнатып, қоюланғанша оттан алмаймыз. Глазурьді торттың бетіне құямыз. Шеттерін де ұмытпай, толықтай тортты глазурьмен жабамыз.

Зебра торты дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

кешіріңіз 2 рет жазып қойыппын зебра торты дайын дегенмен аяқталады..........
рахмет мән беріп ерінбей жазғанызға... айтқаныздай қылып дайындауға тырысамын... бірақ сіздікіндей болмас))))))))))
...