0 дауыс
384 көрілді
Қазір күн сайын телевизор қоссақ өлім-жітім,қирау,атыс,апат,педофилдер т.б жаңалықтар көбейіп кетті."КТК" ны,"31"тағы басқа каналдарды қоссаң дикторлар аузының майы ағып тұрып,зорлап кетті,сойып кетті деп тұрып сайрайды.Айтатын жағымды нәрсе жоқ па соларға,дұрыс әділетсіздік,пара алу т.б айтсын.Кейбіреулердің жүрегіне қандай әсер береді тыңдағанда.Бұрын мұндай жаңалықтарды көп жасыратын.Қазір ашық айтады.Осы дұрыс па?

2 жауап

0 дауыс
Иә, келісемін. Олар өздерін 'шыншыл' канал ретінде көрсетісі келеді. Өздерінің рейтингін көтеру үшін осындай әрекеттерге барады. Тақырыптарына адамды қызықтыратындай етіп, адамды өзіне 'шақырып' тұратын тақырыптар таңдайды. Бұндай нәрселеді көп көрсете берудің қажеті жоқ. Себебі күн сайын бұндай 1045 оқиға болады. Бұндай жаңалықтарды қарай беру адамға ешқандай пайда әкелмейді. Әрине, әлемде не болып жатқандығы туралы хабарда болу керек, бірақ бұндай жаңалықтар қажет емес. Босқа жүйкеңді жұқартасың.
0 дауыс

Менің ойымша, сол 31 арна, КТК дикторлары тура сұстанып отырады, одан да Қазақстан Ұлттық телеарнасын қараған жақсы сияқты,  анағұрлым позитивті жаңалықтар айтады.

КТК ылғи бір орыс кемпірлер, наркомандар туралы айтады да жатады.

...