+3 дауыс
918 көрілді
Мысалы пирог,торт,мороженое,салат,тамақ,коктейль .......Сол жасай алатын тағамыңыздың рецептін қалдырып кетсеңіз
сұрағың өте орынды екен қыз бала сондай нәрсеге ұмтылу керек)
ияяяя..............

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
мен осылардың бәрін жасай берем, тамақ пісірген өте ұнайды, бірақ негізі ешқандай рецептсіз тек бір екі ингредиенттерін қарап алам қалғанын өзім қосып жаңа рецепт ойлап тауып жасағанды жақсы көрем. Сізге де сондай кеңес берер едім интернеттен тек керек басты мысалы торт болса қамырдың рецептісін алып қалғанын өзіңіз дәміне қарай қосыңыз үстін өзіңіз әсемдеңіз, бірте бірте өзіңіз барлық тағамды жасай алатын боласыз.
–3 дауыс

Мен балмұздақ жасауды білемін!

Балмұздақ жасаудың рецептi
Керек заттар:
1. Қаймақ – 500 грамм (қолдың қаймағы болса тіпті жақсы)
2. Кілегей- сливки. 
3. Қант пудрасы -100 грамм
4. Ванилин немесе ваниль таяқшасы. (1 грамм жетеді)
50 грамм қант пудрасын қаймақпен араластырып, миксерлеп аламыз,сосын кілегейді жақсылап былғаймыз (миксерлейміз), ол үлкейіп, пена тәріздес масса болады, соған қалған 50 грамм қант пудрасын қосамыз да, қаймақты + ванилин қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. Мұздап, қатып қалғанша дейін. Болды. бір жағынан өте дәмді, екінші жағынан пайдалы, үшіншіден каллориясын өзіңіз қадағалауыңызға болады. Майлылығы төмен болса, каллориясы да аз болады. Бұған жеміс жидек, шоколад, жаңғақ қосуға болады. Бәрі өз еркіңізде)))
Ас болсын)

Бірақ сатып алған жақсы ғой деймін!!!!

өзіңіз жасаған балмұздақтың суреті бар ма?
+1 дауыс
Мен күз-қыс айларында да шашлық жасай беремін. Ол үшін қажеті: 6 тауық сандары (окорочка), "Приправа к шашлыку" дайын қоспасы, 100 грамм алма уксусы, 200 грамм томат пастасы, 1 кг жуа (пияз). Тауық сандарын майдалап турап, эмаль ыдысқа салып, дайын қоспа, алма уксусы, томат пастасы және майдалап туралған жуа қосып, әбден араластыру керек. Бетін табақпен жауып, бір сағаттан кейін тағы да әбден араластырады. Тағы бір сағаттан кейін тағы да араластырып, маринадтан тек қана тауық сан еттерін теріп алып, табақшаға салып, микротолқынды пешке 500 грдус температурада 20 минутқа қою керек. Керемет дәмді шашлық болады!

Қуырдақ,Манты,Пирог және өзгеде тамақтарды жасай аламын.Бұны мен Анамнан үйрендім.

0 дауыс

Өлтіріп тұрып жұмыртқа қуыра алам

А рецептін сұрапсңғой. май құясың, жұмыртқа саласың, тұз саласың
0 дауыс
...