Мен күз-қыс айларында да шашлық жасай беремін. Ол үшін қажеті: 6 тауық сандары (окорочка), "Приправа к шашлыку" дайын қоспасы, 100 грамм алма уксусы, 200 грамм томат пастасы, 1 кг жуа (пияз). Тауық сандарын майдалап турап, эмаль ыдысқа салып, дайын қоспа, алма уксусы, томат пастасы және майдалап туралған жуа қосып, әбден араластыру керек. Бетін табақпен жауып, бір сағаттан кейін тағы да әбден араластырады. Тағы бір сағаттан кейін тағы да араластырып, маринадтан тек қана тауық сан еттерін теріп алып, табақшаға салып, микротолқынды пешке 500 грдус температурада 20 минутқа қою керек. Керемет дәмді шашлық болады!