+3 дауыс
2.7k көрілді
Осы жасқа жеткенше барлығымыз біраз жыл өмір сүрдік. Біреуіміз 10 жыл, біреуіміз 20, кейбірі одан да көп. Осы жылдардың ішінде барлығымыз көптеген өмір белестерінен, өмір мектебінен өттік. Осы кезге дейінгі 'мектептерден' алған жақсы сабақтарыңыз туралы айтсаңыздар. Қандай қорытынды шығардыңыздар, қандай ой түйдіңіздер? Не істеуге болады, нені болмайды?
Керек кеңестер екен. Сұрағыңызға рахмет!

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл өмір-бес күндік жалған фәни..өмірде сен қорқатын нәрселер бар...олардан сақтан..ең алғаш өз жолыңды жасап ал...өзгелер жүріп келе жатқан жолдарға қарап қызықпа...себебі,,екеуіңде жолда келе жатсыңдар..яғни..теңсіңдер..әрқашан қайырымды бол..қайырымдылыққа тек зағип жандар ғана мұқтаж емес...теріс жолда жүріп келе жатқан жандар да мұқтаж...олар сөздің..туралықтың қайырымына мұқтаж..өмірде бір жан жасаған қателікті..өзгелерге айтудан сақтан..себебі сен оның жан дүниесін түсінбейсің..ал оны түсіну үшін сен ол болу керексің...алайда оның орнында бола алмайсың..бір жанның жанарынан тамған жас..сенің де жанарыңнан тамуынан қорық..себебі үміт..адамның жанарында болады..үміт-от...ал жас-су...үмітті сөндіруі мүмкін..жанарыңнан мұң орын алса...одан арылуға тырыс..біреуге қажетсіз болсаң мұңайма..себебі сен басқаға қажетсің..өзіңнен артық жандарды ойлап қинала қалсаң..өзіңнен кем жандарға қарап күш ал..таңда күн шықты..өте нұрлы...қалай ойлайсың..себеп не екен?!!себебі жаңа күн басталды..күн секілді күлімдеп баста әр күніңді..ал енді күн батты...қараңғы түн...тыныштық..ал бұл не үшін?!бұл саған берілген мүмкіндік...ойлануыңа..сен тәтті ұйқыдасың..алайда аспан күңіренуде...сенің бір күнің өтті деп...ойлан замандас...таңда ояндыңба?тыныс алып тұрсыңба?демек шүкір ет...жаңа күніңді баст...кешірімді бол...шөлдеп келе жатсаңда..басқалар ішпегенше сен де сусыныңды қандырма...қанағат ет...

бұл менің..өмірден әзірше үйренгендерімнің...бір бөлігі....
+2 дауыс
Менің ойымша өз қателеріңнен ғана емес өзгелердің қателерінен де сабақ алуды үйрендім...
+1 дауыс
ешқашан өтірік айтпа,өтіріктің арты бір тұтам.
Ешқашан өтірік айтпайтын адам жоқ! Ешкімге зянсыз өтірікті айтуға болады өмірде ))
+6 дауыс
Менен 5 кеңес: 1. Уақыт ағынынан қалма, әрқашан біліміңді жетілдіре бер. 2. Достар-жарандар мен таныстар жина. Олардан көмегіңді аяма. Бір күндері саған да көмегі тиеді. 3. Ешқашан ешкімге сырыңды, түпкі ойыңды айтушы болма, әйтпесе кейін өзіңе таяқ болып тиеді. 4. Артық ақшаң болса, әуелі аяқ киім, сосын басқа сатып ал. 5. Аш қалсаң да, жанқалтаңда 10 мың теңге жүрсін.
+2 дауыс
менің кеңестерімді айтайын білгенімше. 1. Күніге, әрбір жетістіктерге жеткенде, армандарыңыз орындалғанда Аллаға шүкіршілік жасауды ұмытпаңыз; 2. Әрдайым барлық нарсенің жақсы жағын көріңіз немесе жақсылыққа жорыңыз, 3. Қасыңызда дос және таныстарды таңдағанда ақылды және жүрегінде иманы бар адамдармен араласуға тырысыңыз; 4. Жүректі көбінесе құлыпта ұстаңыз, кез-келген адаммен қашықтықтан араласыңыз, сонда өміріңіз тыныштау болады; 5. Ең бастысы өзіңізге және өз мүмкіндіктеріңіздің мол екеніне сену керек, сонда барлық армандарыңыз және мақсаттарыңыз орындалады
+2 дауыс
Қытайдың жақсы бір сөзі бар:

"Қатты дауыл тұрса, сен одан қорғану үшін үлкен қоған салма. Желмен жұмыс істейтін диірмен сал"
+2 дауыс
Ертеңгі күнге жоспар құр,бүгінгі күнмен өмір сүр.

Міндетті түрде ұйықтар алдында өзіңе өзің есеп бер.

Өзіңді-өзің тәрбиеле, өзгелерден сабақ ал.

Жан-дүниеңді таза ұста.(барлық мағынасында)
+3 дауыс
Жақсылық қылсаң – өзіңе, жамандық қылсаң – өзіңе, аспанға қарап түкірме, түседі қайтіп көзіңе
0 дауыс
От болып жанып, табысты болуыңызға көмектесетін қасиетті 7 ереже: 1. 100% - Жауапкершілік * Ешкімді еш уақытта кінәламаңыз * Сылтау айтпаңыз * Ұялмаңыз * Бүгін істеу керек істі келесі күнге қалдырмаңыз * Өтірік айтпаңыз * Сөз бердіңіз бе, сөзіңізде тұрыңыз немесе сөз бермеңіз! БОСАҢСЫП КЕРІЛМЕҢІЗ, «ЕРКЕЛЕП» ЕРІНБЕҢІЗ, МАҚСАТҚА ЖЕТПЕЙ ЖАТЫП БЕРІЛМЕҢІЗ!!! 2. Армандарыңызбен «ауырыңыз» * Мақсатыңызды қағазға жазып, күнде 1-2 рет жазғаныңыз жайлы ойланыңыз * Арман-мақсатыңыздың орындалғанын таңертең және ұйқыға жатар алдында көз алдыңызға елестетуді әдетке айналдырыңыз * Арманыңыздың альбомын жасаңыз * Сіз армандаған биікті бағындырған адамдармен дос болыңыз. ШЫН ҚАЛАҒАН АДАМҒА ӨМІРДІҢ ӨЗІ КӨМЕКТЕСЕДІ. КЕЗ-КЕЛГЕН НӘТИЖЕ СІЗДІҢ НИЕТІҢІЗДІҢ КҮШІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ! 3. Өзіңізді-өзіңіз дамытыңыз * Табыс құпиялары жайлы болатын семинар-тренингтерден қалмаңыз * Ісіңіздің алға жүруіне көмектесетін кітаптар оқуға күніне 1-2 сағат уақыт бөліңіз * Күнде кешке өзіңізге-өзіңіз есеп беріңіз * «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы». Айтқанын ісімен дәлелдейтін мықты ұстаздар тауып, жақсы шәкірт болыңыз. Біздің тұрмыс жағдайымыз тікелей іскерлік шеберлігімізге және тұлғалық қасиет-қабілеттерімізге тәуелді. Тұрмысыңызды жақсартып, көп ақша табуды ойласаңыз, өзіңізді-өзіңіз дамытыңыз! 4. Жақсы болса көңілің - жақсы болады өмірің. * Өзіңізді үнемі жағымды ойда ұстаңыз * «Жақсы сөз - жан семіртеді» тек жағымды сөз сөйлеңіз * Шабыттандыратын, жігерлендіретін әуендер ғана тыңдаңыз. Мұңды әуендер тыңдауға әуес болмаңыз. * Қимылыңыз шапшаң болсын. Жерге қарамай, арқаны тік ұстап алға қарап жүріңіз * Өмірден түңілгендерден «10 метрге» бойыңызды аулақ ұстап, талпынысы жоғары еңбекқор, табысты тұлғалармен жиі араласыңыз Қай іспен айналыссаңызда жетер нәтиже әрекетіңізге, әрекетіңіздің сапасы толыққанды көңіл-күйіңізге байланысты. 5. Еңбек - бәрін жеңбек * Өзгелерден қарағанда көп нәтижеге жетем десеңіз, өзгелермен салыстырғанда көбірек әрекет жасаңыз * Істейтін ісіңізді көрмеге қоятындай жақсы істеңіз. * Не істесеңізде жаныңызды салып, шын беріліп істеңіз. МҮМКІН ЕМЕС ІСТЕР ЖОҚ, ТҰРСА ЕҢБЕГІҢ ҮСТЕМ БОП! 6. Уақыт - бізге берілген бақыт * Әр күнді, аптаны, айды қағазға жазылған нақты жоспармен бастаңыз * «Бос сөз, өсек айту» сияқты кедейлердің әдеттерінен бойыңызды аулақ ұстаңыз. * Мәнді, мағыналы, жақсы өмір сүруіңізге пайдасы тиетін істермен ғана айналысыңыз «ӨМІР ӨТІП ЖАТЫР. АЛ МЕН НЕ ІСТЕДІМ? ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІК, ТАБЫСТАРҒА ЖЕТТІМ?» ОСЫ СҰРАҚТЫ ӨЗІҢІЗГЕ АПТАСЫНА БІР РЕТ ҚОЙЫП ЖҮРУДЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ. 7. Сәтсіздік деген болмайды. Тек қана нәтиже. * Сәтсіздігіңізді бағаласаңыз - ең мықты ақылшыңыз * Қателесу арқылы тәжірибе жинаймыз. Тәжірибе арқылы табыстарға жетеміз. ӨТКЕН ӨМІР МЕН БОЛАШАҚТЫҢ АРАСЫНДА ТЕҢДІК БЕЛГІСІ ЖОҚ!!!
0 дауыс
Биреудин созине ермей оз журегиннин калауын жаса
...