+1 дауыс
4.5k көрілді
"Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр" дегенді қалай түсінуге болады?

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жарас, "Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр" - деген сөздің мағанасына үңілсек, бұл жерде көрші сөзін дәл мағанасында емес, баламалы мағанасында қарастырған дұрыс болар. Мысалы  (досың,қауымың, ортаң деген сияқтылар), сонда түсініктірек болар. Сен өзің силасатын ортаңда солармен шамалас бол, өзіңше ерекшеленіп (білгішсініп, ақылдымсып, көкіректеніп, өкіректеп т.с.с.) такәппарсыма, өңшең қара қарғаның ішінде ақ қарға болма, көппен бірдей тіл табысып өмір сүр деген сияқты ма деймін.

тамаша жауап, рахмет Сізге
+3 дауыс

'Өзіңді ол адамның орнына қойып көр, көршіңнің жағдайын түсін' деген мағынада деп ойлаймын және де 'онымен тең бол, сыйластықта бол' деген мағынаны білдірсе керек. Меніңше, бастысы бұл жерде теңдік, сыйластық туралы.

көршің емес
 досың соқыр болса бір көзіңді қысып жүр осылай емеспе
0 дауыс
коршiсiне елiктидi деген магына деп оилаймын
+1 дауыс
"Көршіңе қарап көзді қысу" -ол көршіңмен жақсы қарым-қатынаста болу  деген сөз. О дүниеге барғанда да ең алдымен сұрайтыны "көршіңмен қалай сыйластың" екен деп естігем. Жалпы, "көршіңді ұры тұтпа, өз дүниеңе еге бол", "жақсы көрші ағайыннан артық"- деп айтып жатады ғой. Негізі бұл сұраққа жауап көп. Әркім әрқалай жауап береді, бірақ барлығының ойы, пікірі бір жерден шығары сөзсіз.
0 дауыс
бұл жаныңдағы адам қандай болса сенде сондайсың дегенге саяды...және егер көршің соқыр болса..сенің көзің көрсе сен көзіңді қыс...яғни...көршің қандай болса сондай бол....ол аш болса,,сен тоқ жүрме..көрші ақысы Тәңір ақысы..
0 дауыс

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) "Көршісі аш отырып, өзі тоқ жүрген адам бізден емес" деген хадисін бір жерден оқығанмын. Сол сияқты қазақтың айтқан сөзі болар. Түп негізі діннен алынған сөз болса керек

...