+3 дауыс
19.2k көрілді
Балқадиша әнінің сөзі керек еді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тумысынан сұлулыққа, бекзадалыққа құмар болып өскен Қорамсаның еркесі Ақжігіт өз заманында қайталанбас өнерімен, келісті келбетімен қыз-келіншектің сүйіктісіне айналған көрінеді. Алайда ғажапты сәттерінен азапты сәттері көп болып, сезім шырынының орнына у ішкен бекзада бірде-бір ғашығымен бақыт құша алмаған екен. Оның жанды жібітер әндерінің дүниеге келуіне тағдырдың осы бір жазмышы себепкер болды ма деген ойға қаласың...

 Балқадишаның әкесі Ыбырай жасы ұлғайып, қариялық қалыпқа түскенде бәйбішесі Жықыш біраз науқастанып, қызы шешесінің сол жағдайына көп қарайласады екен. Күндердің күнінде шешесі дүниеден өтіп, жылы беріледі. Бұл парыз өтелген соң Балқадишаны өзінің атастырған жеріне ұзатуға әзірлік жасап жатқан кезінде Ыбырай ақсақал ауылында өтетін шілдехана тойына Ақан сері қонақ болып түседі.
 
«Ақан жынданып кетіпті, түн ортасында су перісімен ойнас қылып жүр» деген қауесет өршіп тұрған кезінде оның қасына қыз-қырқын жолауды да қояды. Осы елдің қыз-қырқыны Ақанның маңына жақындай қоймайды. Сонда әлгі Балқадиша:
 
- Бұл не сұмдық тағы? Ақан ағамның қасына отырып ән тыңдайыншы, - деп достық пейіл танытады.
 
Сөйтеді де, екі жағында сылқылдаған екі жеңгесі Ұшсын мен Ділда бар, өзін ебектеген Мәлік, Қаббас, Төлен, бәрі-бәрі Ақан сері отырған он екі қанат ақ боз үйге келіп кіреді. Қалғып-мүлгіп отырған жандайтамен тұқжиған жабырқау әншіге Балқадиша иіле сәлем беріп, оң жағынан орын алады. Жігіттер елпектеп, Балқадишаны таныстырады. Тамыр-тамыры иіп, нұры азайған тұңғиық көзі жақұттай жарқырап, шапақ шалады. Жаздың қарға адымындай қысқа таңында қаншама ән шырқатады. Таң саз беріп, бозторғайлар дүр сілкініп, шырылдай бастағанда Балқадишаның екі жеңгесі Ділда мен Ұшсын Ақан серінің алдына иіліп кеп, рұқсат сұрайды. Ләйліге есі кеткен Мәжнүндей хал кешкен Ақан сері қилы-қилы ойға шырмалып, екі көзі қара бұлақтай тұнып, жеңгелеріне қимастықпен бас изеп, разылық білдірді. Кейін Балқадишаның ұзатылғанын естіп, іші гулеген Ақан сері:
 
 Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша!
 Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша!
 Сексен қыз керуенге шыққан кезде,
 Ішінде қара басың, па, шіркін, хан Қадиша!
 

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
 Бұралған белің нәзік, шіркін-ай, тал – Қадиша!
 Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,
 Рұқсат бізден сізге, амал не, бар, Қадиша!


 Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
 Боларсың біздің сөзге, дүние-ай, зар Қадиша!
 Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
 Боларсың қандай жарға, дүние-ай, жар Қадиша!
 
 Басынан Жыландының құлағаным,
 Кекілін телжиреннің, шіркін-ай, сылағаным.
 «Кетті» деп Балқадишаны естігенде,
 Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным! – 
 
деп ән шырқайды. Міне, осылай Ақан серінің аты шулы "Балқадиша" әні дүниеге келген болатын. 
 
Арқаның ақберен әншісі, қазақтың сұлу серісі Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әнінің дүниеге келуіне себепкер болған нәзік жандымыз осы Балқадиша екен. Мәңгілік өлмейтұғын әнге арқау болған аңыз аруымыз туралы осы бір әдемі аңыздарды біле жүргенің жақсы, Ақмарал!

Тыңдағың немесе жүктегің келсе мына жерде бар.

+3 дауыс
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
рахмет....
...