0 дауыс
Жорық қандай мағынаны білдіреді ?
10.10.2013 11.1k қаралым

3 жауап

+2 дауыс

Жорық деген сөз шабуыл деген мағынада... Пәленше хан түгенше жерге пәленше жылыншы жорық жасады деп жатадығо, яғни шабуыл жасады деген мағынада...

10.10.2013
0 дауыс
Жорық деген тек қана шабуыл деген мағынаны білдірмейді.Сонымен қатар сапар, жол  деген сөздердің синонимы бола алады.
10.10.2013
+1 дауыс
"Жорық"-деген менімше белгілі бір суыт ( жаулау,барымта, есе қайтару, ел шетін жаудан қорғау сияқты) мақсатпенен сапарға аттану. Негізі "жорық" сөзі аш қасқырлардың ауа-райының қолайсыздығына , аязға, боранға. ақ қар-көк мұзға қарамастан ас табу мақсатында күн-түн демей жортақтауынан шықса керек. Бұған себеп адамдар қандай да бір сапарға шығарда ауа-райы болсын, болмаса басқа жағдайлар болсын өзіне қолайлы уақытты таңдайды, ал жорық ондай таңдауға мүмкіндік жоқ, кезек күттірмейтін,тығыз, міндетті түрде аттануды қалайтын сапар болса керек.
10.10.2013
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,031Қолданушы