"Жорық"-деген менімше белгілі бір суыт ( жаулау,барымта, есе қайтару, ел шетін жаудан қорғау сияқты) мақсатпенен сапарға аттану. Негізі "жорық" сөзі аш қасқырлардың ауа-райының қолайсыздығына , аязға, боранға. ақ қар-көк мұзға қарамастан ас табу мақсатында күн-түн демей жортақтауынан шықса керек. Бұған себеп адамдар қандай да бір сапарға шығарда ауа-райы болсын, болмаса басқа жағдайлар болсын өзіне қолайлы уақытты таңдайды, ал жорық ондай таңдауға мүмкіндік жоқ, кезек күттірмейтін,тығыз, міндетті түрде аттануды қалайтын сапар болса керек.