Сұрақ-Жауап сайты 3-ке толды. Бізге 3 жыл.

+16 дауыс
2.4k қаралым

Сәлем, достар!

Осыдан дәл 3 жыл бұрын, 2010 жылдың 10-шы қазан күні, сіздердің құзырларыңызға қызмет етіп келе жатқан SZH.KZ сайты өзінің жұмысын бастаған болатын. Артымызда қалған үш жылдың ішінде барлық жақсы күндер мен сайтымыз өшіп қала берген "жаман" күндерде де бізбен бірге болып келе жатқан өздеріңді шын жүректен бірінші құттықтағымыз, сосын - алғыс айтқымыз келеді. Сендерсіз ештеңе болмас еді.

Дегенмен, артымызда қалған үш жыл бізге үлкен сабақ болды. Ары қарай да біз өздерің үшін қызмет ете беретін боламыз. Ал, сендерден барынша белсенділікті күтеміз. Алдағы уақытта сайтта әркелкі конкурстар, акциялар өтеді деп осы уақыттан айтып қояйық.

Сайтты қолданып, күнде ыстығы мен суығын бірге көріп келе жатқан бәріңе өзіміздің ыстық лебізімізді білдіреміз. Сондай-ақ, сайттың іргесі қаланғалы бері бірге болып келе жатқан "ардагер" қолданушыларымызға алғысымыз ерекше.

Сайтымыз бұдан бұлай да тек алға жылжи береді, өзіндік жоспарлары да жетерлік. Солардың бәрін бірге жүзеге асырып, үлкен белестерге жетеміз деп үміттенеміз. Себебі, сайттың бар байлығы, оның мақтанышы білмегенді білуге ұмтылған жастар - өздерің. Қол ұшын беруге талпынған білімпаз қолданушыларымыз. 

SZH.KZ | Өз сұрағыңды қой.

Құрметпен, 
СЖ сайтының әкімшілігі

• Санаты: Жалпы сұрақ

35 жауап

+1 дауыс
Ал,кутты болсын! Сұрақ қоя берейік, жауап ала берейік!
+1 дауыс
Мен де осы сайттың барлық қолданушыларын 3 жылдықтарымен құттықтап қояйын!Сайттың мәртебесі арта берсін!
0 дауыс

Құтты болсын!Ренжімеңдер.Бұйырса 10 жылдығын тойлайық!

0 дауыс

не үшін өткен шақта жүрсіңдер мен 2014 жылдың адамымын сондықтан 3 ке емес 4 ке толды сұрақ жауап сайты 

+1 дауыс

Ербол ағай сіздің бұл жасап отырған еңбегіңіз одан ары жемісің таба берсін!Сіздің арқанызда мұнда мен жаңа достар тауып,қазақ тілін жетік меңгеріп келемін!

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы