Сұрақ-Жауап сайты 3-ке толды. Бізге 3 жыл.

+16 дауыс
2.4k қаралым

Сәлем, достар!

Осыдан дәл 3 жыл бұрын, 2010 жылдың 10-шы қазан күні, сіздердің құзырларыңызға қызмет етіп келе жатқан SZH.KZ сайты өзінің жұмысын бастаған болатын. Артымызда қалған үш жылдың ішінде барлық жақсы күндер мен сайтымыз өшіп қала берген "жаман" күндерде де бізбен бірге болып келе жатқан өздеріңді шын жүректен бірінші құттықтағымыз, сосын - алғыс айтқымыз келеді. Сендерсіз ештеңе болмас еді.

Дегенмен, артымызда қалған үш жыл бізге үлкен сабақ болды. Ары қарай да біз өздерің үшін қызмет ете беретін боламыз. Ал, сендерден барынша белсенділікті күтеміз. Алдағы уақытта сайтта әркелкі конкурстар, акциялар өтеді деп осы уақыттан айтып қояйық.

Сайтты қолданып, күнде ыстығы мен суығын бірге көріп келе жатқан бәріңе өзіміздің ыстық лебізімізді білдіреміз. Сондай-ақ, сайттың іргесі қаланғалы бері бірге болып келе жатқан "ардагер" қолданушыларымызға алғысымыз ерекше.

Сайтымыз бұдан бұлай да тек алға жылжи береді, өзіндік жоспарлары да жетерлік. Солардың бәрін бірге жүзеге асырып, үлкен белестерге жетеміз деп үміттенеміз. Себебі, сайттың бар байлығы, оның мақтанышы білмегенді білуге ұмтылған жастар - өздерің. Қол ұшын беруге талпынған білімпаз қолданушыларымыз. 

SZH.KZ | Өз сұрағыңды қой.

Құрметпен, 
СЖ сайтының әкімшілігі

• Санаты: Жалпы сұрақ

35 жауап

+2 дауыс
Szh.kz сайтының 3 жылдығы құтты болсын! Әрқашанда қазақ тілді сайттар рейтингінде бірінші орыннан көрінсін және ең қызықты керек мағлұматтар осы сайттан табыла берсін деп тілейік. Барынша өз үлесімізді қосуға тырысамыз! Жауапсыз сұрақтар қалмасын. :)

Маңызды, қажет сұрақтар қойыла берсін.
+1 дауыс
туган кундерин кутты))жасай бер манги
0 дауыс
Барша сұрақ-жауап қолданушыларын құттықтаймын! Сайтымыздың  одан да биік белестерге жетуіне тілектеспін!  Ербол, құтты болсын)
+6 дауыс
Бүгінгі күннің басты жаңалықтары: жастығына қарамастан ағаларының алды болған, барлық қазақ баласының жүрегінен орын тапқан, қайрымдылықтың патшалығы, аз уақыттың ішінде тасы өрге домалаған Сұрақ-Жауап сайты 3 жаста! Осыған байланысты АҚШ-тың президенті Барак Обама қазақ халқымен қатар сайт қолданушылары және Ербол Серікбайды төл баласының 3 жасымен құттықтап, "Әлемнің ең үздік сайты-2013" атағын осы сайтқа берейік деп әлем жұртшылығына үндеу жолдады:

Осыған байланысты Ресей басшылары да жиналыс өткізуде:

Әлемнің күллі баласы уыздай жас сайттың болашағының зор болатынына сенімді:

Және де соңғы ақпар әлемнің ең үздік газет-журналдары Ербол Серікбаймен сұхбат өткізуде:

Сенде, досым, жасыма Сұрақ-Жауап сайтының төріне кел!
Бүгін szh.kz сайтына 3 жыл толып отыр. Бүгінгі мерекемен бәріңізді құттықтаймын, әсіресе сайт админі  Ербол ағаны осындай сайт жасағына мыңда бір алғыс ! Сайт  әрқашан жетістігімен халыққа танымал сайттардың бірі болсын деп тілеймін !
Мәке, жарайсың! Саған ризамын!
+1 дауыс
құттықтаймын....СЖ сайты 3 жасқа келіп қалыпты ғой
+2 дауыс

Шын жүректен құттықтаймын! Осындай сайттар көбейе берсін! Сайтымыз одан әрі дами берсін!!!

Белгісіз
+1 дауыс
1 жыл кірмеп едім біраз жақсарып қалыпты
+1 дауыс
Сайттың 3 жылдығы құтты болсын Ереке!!!одан әрі дами берсін, қолданушылары көбейе берсін!!!
+5 дауыс
Үш жыл, ияяя уақыт деген де зулайды екен. Кеше ғана тіркелген сияқты едім. Үш жылда бірақ қызықтар болды ғо )) Хат келмей қалған кездер, база ұшып кетіп, сайтта бір де бір қолданушы, бір де бір сұрақ/жауап қалмаған кездер ерекше есімде )) біраз шуласып едік.

Ал Ербол брат, құттықтаймын. Көркейе берсін сайт. Дами берсін. Қолданушылар саны арта берсін :) Бастысы қазақ тілінде сапалы, пайдалы мәліметтердің қайнар көзі болатындай сайт ретінде дами берсін. От души ғо )))

Бауырлар, аға-іні, апа-қарындастар, барша осы сайттың қолданушыларын да құттықтаймын. Сайт деген ол сендерсіңдер, сендер қандай болсаңдар, сайт та солай дамиды.)) Сондықтан сұрақ қойып, жауап жазғанда барынша сапалы, мағыналы етіп жазайық :) Бәріңізді сүйемін!
ООО Абылай қалайсың?
+1 дауыс
Ал құтты болсын!!! Денсаулығы мықты болсын!!! Сол Үшін........))))))))))))))))))))(
+1 дауыс
Құтты болсын! СЖ сайты мәңгi жасасын, бұдан да iрi жетiстiктерге жете берсiн. СЖ сайты тек қана алға.
+1 дауыс

Барлықтарыңызды СЖ сайтының 3 жасқа толған туылған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сұрақ-жауап сайты өркендеп,дами берсін деген тілек тілеймін.Тек қана алға!!!  

+1 дауыс
оооооооооооооооооо, құттықтаймын, жетістік молайсын, контент мықты бола берсін,
+1 дауыс
Үш жылдық құтты болсын!Қазақстанның үздік сайты бола берсін.
Белгісіз
+1 дауыс
Үш жылдықтарыңыз құтты болсын. Еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Осындай сайттар көбейе берсін.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы