0 дауыс
3.1k көрілді
Қызықты сценарий интернеттен тауып бересіздер ме? мейли хикая, трагедия, комедия, кайгылы, кызыкты, драма болса да бола береди...

1 жауап

+1 дауыс
Тілек қосар жұртым бар

Тойда тілек сөзін ұсыну үлгілері

Әр азаматтың үш жұрты болатыны белгілі. Өз жұртың – күншіл: бар болсаң – көре алмайды, жоқ болсаң – бере алмайды. Қайын жұртың – міншіл: жағаңның қызылдығын, колыңның ұзындығын қалайды. Жуас болсаң - жүндейді, мықты болсаң –күндейді. Және нағашы жұртың – сыншыл: жақсыға сүйінеді, жаманыңа күйінеді. Әрдайым тілекші, тілеуқор боп жүреді. Жігіт адам осыны есте сақтай отырып, өзін азамат ретінде дұрыс ұстай білуі, адамгершілік арды ұмытпай, ағайын-жекжат арасында абыройлы болуы керек.
 
Нағашылар
Айналайын нағашы,
Артық оның бағасы:
Еркелетіп жиен деп,
Келіп қапты қарашы!
*
Біле білсең, ағайын,
Ең сыйлы жұрт нағашың.
Келген сайын үйіңе,
Асырады бағасын.
 
Жақсы болсаң нағашың,
Зор мәртебе табасың.
Еркелесең тағаңа,
Теңгеден гүл тағасың.
*
Құда-құдағи, құдашалар
            Алдымен бауыздау құда, кейін қылауы түспеген құда, сосын белгілі құда, кейін Абай атамыз қаһарлы қысқа теңеген кәрі құда болады екен. Абай кәрі құдадан қаймыққан, санасқан. Себебі, кәрі құда іші-бауыры аралас келе бауырына айналып, барлық сырын біліп қояды. Шынымен білек сыбанып кіріссе – біліп айтады, батырып, жаныңды ауыртып, бетті тіліп айтады. Яғни, дос болып жылатып айтады, деп Абай-дана, міне, осы құданы айтқан.

           Қазақтың «Асауды – ноқта, құданы құдай қосады», «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық» деген нақылына бір мысқал қоспа сөз жоқ. Бізде құдай қосып құда болдық! Күйеу бала мен келін – екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын! құдалығымыз – мың жылдық болсын!
*
Қош келдің құдай қосқан құдаларым,
Төрімде не десең де құп аламын.
Бір жүріп, бірге тұрып қызықтайық
Өмірдің енді қалған нұр-алабын.
 
Құдалар, өрлеңіздер төрімізге,
Қарап тұрып екі рулы – бәрі бізге!
Жетейік кәрілікке сыннан өтіп,
Сыйластық қалсын мәңгі бәрімізде!

Мінт мінгізіп, киіт киген
Құдалықты өрнектер.
Қатынаған арада
Костюм-шалбар, көйлектер.
 
Құдашалар, құдалар
Мың құбылып бұралар.
Құда бала қосылса,
Бір ансамбль құралар.
Ауыл жатыр той жасап, ат шаптырып,
Дәстүрін атасының мақсат біліп –
Келе жатыр құдалар қыр басынан,
Ортақ боп қуанышқа, сақ-сақ күліп...
 
Бөле, жиендер
Тату-тәтті бөлені той-шаттыққа бөледі,
Қуанышқа ортақ боп, жайраң қағып келеді.
*
Әркімнің де орны бар,
Көз жіберсек көнеге.
Ардақтайын туысты,
Енді кезек бөлеге.
 
Қасиетті, киелі,
Шаңырақтың жиені.
Келесі жыр кезегі,
Жиендерге тиеді.
 
Іні-қарындас, күйеу балалар, келіңдер
Күйеу балалар, келіндер сөйлемейді тым қатты,
Қарындастар ибалы, қолаң шашты сымбатты.
Тынысымыз – інілер: туыстығы тым тәтті.
Барлығы да осындай жанашырлар қымбатты.
*
Әжелер, жеңгелер
Артық болмас, айналайын, жеңешем,
Жер-анаға, ер анаға теңесем.
Футболшылар командасы құрылар,
Аман болсаң, қақпашысы сен есен!
*
Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,
Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.
Арта берсін достығың – доссыз өмір бос бүгін,
Құрбы-құрдас, қанеки, тілегіңді қос бүгін!
 
 
ініме
Айналайын Ғани-інім, мерейің
Көкке қарай самғағанын көрейін!
Туған күнің бақ әкелсін өзіңе,
Деп ағалық бір батамды берейін!!!!

 
 
Әпке-жезделер
Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –
Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.

Тойға келсе әпкелер,
Ырыс-бақыт ап келер.
Апамызға жездем сай,
Әпкелермен бақ келер.
 
Рұқсатсыз әпкеден
Шыға алмайтын бір адым,
Сөз салмағын ендеше
Жезделерге бұрамын.
*
Жезде саған не дейін,
Ардақ тұтып өзіңді,
Асқар тауға теңейін,
Көрер болсам әрдайым –
Мақтанардай достарың,
Биік болсын мерейің.
Биік бола тұрып та,
Төменгі елді ұмытпа.
Қадірлей біл құрбымды:
«Қыз жүрегі - құлыпта».
*
Бірің – қыран, бірің - аппақ қайыңдай,
Келесіңдер жұптарың бір жазылмай.
Отбасына шаттық, бақыт тілейміз,
Еркелеңдер көлдің аққу-қазындай.
*
Көршілер
Бұл ауылда ұлың жүр, бұл ауылда қызың жүр:
Құдай қосқан көршілер – осы көше ұйымшыл.
Туыс болып барлығы, енді өзіңді елшілер –
Ауылдастың тайы озып, аман болсын көршілер!
Аман болсын көршілер!
...