0 дауыс
605 көрілді

Біздің қазақ әншілері шетелде танымалма?Танымал болса кімдер және қай елдерде?Тез арада қажет.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыдырәлі Болман Еуропада, АҚШ-та аздап танымал... Батырхан Шөкеев, Роза Рымбаева Ресейге аздап танымал... Қайрат Нұртас Өзбекстан мен Қырғызстанға аздап танымал...
Көп рахмет сіздерге!!Мен де Қайрат Нұртасты Өзбекстан,Қырғызстанда танымал шығар деп ойлап жүрсем.:x
м вирус айта беред
0 дауыс
Қазақ әншілері тек Қытайдың Ұйғыр-Синьзянь автономиялық ауданында ғана танымал. Қырғызстанда танымал емес, керісінше солардың әндерін ұрлап айтып жүр.
0 дауыс

Мен осы m.virus2013  жазған пікірге қосыламын. Өздерің білетін боларсыңдар біздің Тараз қаласы қырғыздармен көрші тұрамыз, шекарадан жақын ауылдар 50-100 метрдей-ақ қашықтықта. Жақын маңдағы қырғыз қалалары мен ауылдарының көпшілігі таңертең жұмысқа, базарға бізге қарай ағылады дағы, кешке қайтады. Қырғыздың екі телеканалы бізде көрсетіп тұрады. Былайша айтқанда ауыл аралас, қой қоралас. Той - томалақтарда бірге араласып жатамыз, енді құдандал болып кеткенбіз ғой. Сол тойларда қазақтар қырғызша ән салып жататынымыз бар, ал қырғыздар е қазақша ән, е қазақ әншілері жөнінде әңгіме айту дегенді білмейді, айтқысы келеді ,бірақ шын мәнінде білмейді, танымайды. Ал сол қырғыздардың ауылынды біздің 7-8 телеканалымыз көрсетіп, Шалқар, Қазақ радиосы сарнап жатады. Неге екенін кім білсін...

...