Мен осы m.virus2013 жазған пікірге қосыламын. Өздерің білетін боларсыңдар біздің Тараз қаласы қырғыздармен көрші тұрамыз, шекарадан жақын ауылдар 50-100 метрдей-ақ қашықтықта. Жақын маңдағы қырғыз қалалары мен ауылдарының көпшілігі таңертең жұмысқа, базарға бізге қарай ағылады дағы, кешке қайтады. Қырғыздың екі телеканалы бізде көрсетіп тұрады. Былайша айтқанда ауыл аралас, қой қоралас. Той - томалақтарда бірге араласып жатамыз, енді құдандал болып кеткенбіз ғой. Сол тойларда қазақтар қырғызша ән салып жататынымыз бар, ал қырғыздар е қазақша ән, е қазақ әншілері жөнінде әңгіме айту дегенді білмейді, айтқысы келеді ,бірақ шын мәнінде білмейді, танымайды. Ал сол қырғыздардың ауылынды біздің 7-8 телеканалымыз көрсетіп, Шалқар, Қазақ радиосы сарнап жатады. Неге екенін кім білсін...