0 дауыс
13.7k көрілді
Биосфера және оның тұрақтылығы тақырыбына реферат тауып беріндерш?

1 жауап

0 дауыс
Биосфераның тұрақтылығы Биосфера тұрақты тәртіпте жұмыс істейтін күрделі экологиялық жүйе болып есептеледі. Биосфераның тұрақтығына ағзалардың үш тобының - түзушілердің (автотрофтар), тұтынушылардың (гетеротрофтардың) және бүлдірушілердің (минералды ағзалық қалдықтар) себепкер болады. Бұл күй ′′′биосфера гомеостазы′′′ деп аталады. Биосфера гемеостазы (биосфера тұрақтылығы) оның эволюцияға бейімділігін жоғалтпайды. Биосфера эволюциясы тарихының үлкен бөлігі мынадай негізгі екі фактор әсерінен жүзеге асты: біріші фактор - бұл Жер тарихындағы табиғи геологиялық-климаттық өзгерістері; екінші фактор - ағзалар эволюциясы және олардың биосфера құрам бөліктеріне әсері. Тек ондаған, мыңдаған жылдардан соң ′′үшінші фактор′′ - адам факторы пайда болды. Бұл фактор биосфераны едәуір өзгертті. Адамның арқасында жасанды суқоймалар, орасан зор ауыл шаруашылық жер келбеті, алып қалалар пайда болды. Эволюция нәтижесі Эволюция нәтижесінде фотосинтездейтін ағзалар бастапқыда балдырлар, соңынан өсімдіктер өмірге келді. Өсімдіктер палеозой дәуірінде бар болғаны 400 млн жыл шамасында құрлыққа шықты. Жасыл өсімдіктердің пайда болуы биосферада алғашқы төңкеріс жасады, ол литосфераны толық өзгертті. Өйткені өсімдіктердің әсерінен литосферада топырақ қабаты түзілді. Жер бетінде тіршіліктің барынша өркендеуі мезозой (бор, юра, триас кезеңдері) дәуірінде жүзеге асты. Ол дәуір бұдан 200 млн жылға жуық бұрын басталды. Бұл уақытта бүкіл жер бетінде үйектік мұз болған жоқ, бұған үйектік (полярный) шеңберде тас көмір кенінің болуы дәлел болады. Бұл кезде жер бетінде іс жүзінде тропиктік және субтропиктік климат үстемдік етті, бұған атмосферадағы көмірқышқыл газ мөлшерінің көптігі себепкер болды. Көктемелі кәсердің (парниковый эффект) және ылғалдың көп мөлшерде болуынан қырықжапырақ, қырықбуын, қылшабуын тәрізді өсімдіктердің биіктігі көпқабатты үйлердің биіктігіне жетті. Өсімдіктекті қоректердің орасан көп мөлшерде болуынан шөппен қоректенетін ірі жануарлар - динозаврлардың пайда болуына жағдай туғызды. Динозаврлардың дене тұрқы 30 метрден астам болып, массасы 50 тоннаға дейін жетті. Атап айтқанда бұл кез атмосферадан көмірқышқыл газды тұтынушылардың көбеюімен және көмір мен көмірсутектің (мұнай газы) жинақталуымен сипатталады. Осылардың барлығы көктемелік әсерді кемітіп, жердің салқындау дәуірі басталды. Динозаврлар дәуірінің соңы бұдан 65 млн жыл бұрын Американың орталық ауданында орасан зор астероид құлауы нәтижесінде Мексика шығанағы түзілді. Бұл жиһандық тұңғыш экологиялық апат болды. Астероидтың жерге соғылуы нәтижесінде көтерілген шаң мен түтіннен күннің беті бірнеше жыл көлегейленіп, ауаның салқындауы салдарынан динозаврлардың жұмыртқалары қатып калды. Динозаврларды баласын тірілей туатын жануарлар алмастырды. Бұлар денесін түк басқан, баласын сүтпен асырайтын сүтқоректі жануарлар еді. Кайнозой дәуірі басталды. Ең алғаш адамтәріздес тіршілік иесі Африкада бұдан 2,5 млн жыл бұрын пайда болғанымен, адам от жағып, отты меңгерудің арқасында, тек осыдан 40 мың жыл бұрын ғана табиғаттан бөлініп шықты. (Орасан қалың күл қабаты бар алау сілемінің және жануарлардың күйген сүйектерінің табылуы синантроптардың бұдан 300 млн жыл бұрын отты сақтауды ғана емес, жағуды да білгенін айғақтайды.) Адам жаратылуының қоғамдық форма ретінде алғашқы өркениеті тек 10 мың жылға жуық бұрын ғана бастапқыда Мысырда, Месопотамияда, Қытайда және Үндістанда пайда болды. Ноосфера Адам іс-әрекеті арқасында биосфераның жаңа құрам бөлігі - ноосфера (саналы адам сферасы) пайда болды. Бұл терминді академик В. И. Вернадский енгізді. Ноосфера ұғымы адам іс-әрекеті нәтижесінде биосфераны жаһандық қайта өзгерту дегенді білдіреді. Құлашын кең жайған ғылыми-техникалық төңкеріс жер бетін тез өзгертіп, шөлді аумақты көктемелендірді, көптеген батпақты жерлер құрғатылып, естендер және су қоймалары жасалды. Мәселен, Қытайдың орталық бөлігінде Үш шатқал алып суқоймасы жасалды. Оның құрылысы үшін 50 миллионға жуық адамды көшіру талап етілді! Жер қойнауынан орасан зор мөлшерде қазынды казып алынды. Соның өзінде орасан көп мөлшерде заттар, соның ішінде жаңа, бұрын айналымға енбеген заттар, мысалы, радиоактивті материалдар айналымға тартылды. Адамның ғарыштық ұшу іс-әрекетінің арқасында жер шегінен шығып, ең алыс ғаламшарға қол жеткізуге мүмкіндігі көңіл аударады. Адам аса терең ұңғыма қазды, өте терең шахта жасады, мұхиттың тұңғиық тереңіне қол жеткізді, стратосфераны және жердің сыртқы қабығын билеп алды. Сөйтіп ноосфера жер тереңінен де, одан тысқарыға да құлашын жайды.
...