+1 дауыс
18.5k көрілді
жер сілкіну қалай пайда болған? жанартау қалай атқылайды неден?

2 жауап

+1 дауыс
Пайда болу тегіне қарай

Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады
толығырақ мына жерде http://kk.wikipedia.org/wiki/Жер_сілкіну
0 дауыс

ЖЕР СІЛКІНІСІ – жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жер астыдүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындар тарайтын нүктені жер сілкінісінің ішкі кіндігі деп атайды. Жер сілкіну ішкі кіндігінің ең қысқа қашықтықтағы жер бетінің орнын жер сілкіну кіндігі деп атайды. Жер сілкінудің қарқындылығын 12 баллдық сейсмикалық шкала бойынша (MSK-86) бағалайды, ал жер сілкінудің энергетикалық санаты үшін магнитуданы пайдаланады. Жер сілкіну шартты түрде әлсіз (1-4 балл), күшті (5-6 балл) және қирататын (8 және одан да көп) деп бөлінеді.
Жер сілкінісі кезінде шынылар сынады және ұшады, сөреде жатқан заттар құлайды, кітап сөрелері мен аспа шамдар шайқалады, төбенің балшығы құлайды, қабырғалар мен төбелерде сызаттар пайда болады. Бұның барлығы қатты шуылмен бірге болады. 10-20 секунд сілкілегеннен кейін жер асты дүмпулері күшейе түседі, нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстар қирай бастайды. Барлығы он шақты күшті дүмпулер бүкіл ғимаратты қиратады. Жер сілкінісі орта есеппен 5-20 секундқа созылады. Сілкініс ұзаққа созылған сайын зардаптар ауырлау болады. Сахалин облысының Нефтегорск қаласындағы жер сілкіну кезінде (1995 ж) қираған қала үйінділерінің астында 2000 адам мерт болды.
...