+2 дауыс
352 көрілді

Амансыңдар ма, айналайындарым?!)
Құдай қалап, жаңа жобамызды аштық #mussession атауымен.
Жобаның негізі — акустикалық концерттік бағдарламаларды өткізу. Иә, фонограммасыз, иә, электрикасыз.
Қатысушы тараптар: Жас әншілер, миллениум өкілдері және тірі дауысты ұнататын өнерсүйер қауым.
Пайда болу себебі айналаның жанды дауысты көбірек қажетсінуіне және мүгедек балаларға қол ұшын созуға ұмтылуымызға негізделеді.
Жоба жаңадан тәй басқаны себепті танымал емес-ті және ешкім бұл туралы білмейді. Өзімізге ультиматум қойдық: алғашқы 1000 ерушілер мен 700 көрермен жиналғанда ғана өткіземіз деп… Сондықтан, құрметті Достар, Сіздерден сұрайтыным, ВК әлеуметтік желісіндегі аккаунтыңызбен vk.com/mussession_almaty бойынша өтіп, жазылыңыздар, достарыңызға таратыңыздар, айтыңыздар! ..Әйел қауымы, өсектеңіздер «муссэйшн дейма, сондай өткелі жатр екен ғой әә» деп… Тек күшімізді біріктіріп қана осы жобаны іске асыра аламыз. Алдын ала алғысым!!! Мотивация болсын, 2 планшетті ұтысқа салдық :)

1 жауап

+1 дауыс
Әлі түсінбедім, кіру билеті 2800 тг, бірақ қайда екені көрсетілмеген. Кіру билетін алып қайда кіреміз өзі?))))) Қай қала, қай жер, мерзімі?
whahahahha ...жақсы сұрақ, Жұбатхан _ Белгілісі мынау: екі сағаттық жанды дауыстағы концерт, жас өрендер жағымды, роктан әлдеқайда алшақ ортада гитарамен ән шырқайды. Ұстанған бағытымыз келесі: 5-6-7 жүз қатысушы жинаған соң өтетін орнын, қатысатын жұлдызды және мерзімін жариялаймыз деп.. Алматы қаласында дегенмен. Себебі, алдын ала ұйымдастырып, шақырып, белгілеп... соңында көрермен,  тірі дауысты, акустиканы тыңдай білетін қауымды жинай алмай қалсақ ..бізге - орасан шығын, жұлдызға - обал) _Әзірге сілтемеден өтіп, жазыла беруіңе жол ашық!  Есімің сирек екен :))
Иа. Есімім аз кездеседі, бірақ Жұбатхан деген жалғыз адам емеспін, әйтеуір.
...