+5 дауыс
719 көрілді
Менің естуімше,Соңғы қорғаныс қауыпсіздігін хакерлер бұзып кіре алады екен.Яғни олар әлде қайда, алда келе жатыр.Бұл қаншалықты шындық.

7 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанда хакерлер көп. Білесіңдер ме Кеңестер Одағындағы 1 хакер қазақ екенін.
Иә, мен де сондай әңгіме естігем...
Жүрміз ғой үндемей-ақ! Тыныш жүрсек болды ғой?
Қазақ хакерлері Қазақстанда туып-өскен нағыз «хакер» Саша Маньякты алайық. Бұл оның лақап аты. Елден осыдан 7 жыл бұрын кеткен оның есімі әлемге әйгілі деседі. Жұрттың айтуына қарағанда, қазір ол Канадада тұрады. Өзінің сүйікті «кәсібін» тоқтатып, бір фирмада ел қатарлы жұмыс істейтін көрінеді. Кезінде «Казкоммерцсекьюритиз» фирмасында жұмыс істеген Олег Зезевтің әрекеті төрткүл дүние жұртшылығының назарын өзіне аудартқан болатын. Кез келген компьютерлік жүйеге енуді шебер меңгерген ол, анау-мынау емес, американдық миллиардер (кейін Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланады) М.Блумбергке «құпия ақпарат сатам» деп, одан 200 мың доллар талап еткен. Нәтижесінде ақшаға малынам деп түрмеден бірақ шықты. Ақтау қаласының тұрғыны көмегімен тағы бір қылмыстың алды алынады. Дәлірек айтсақ, киберқарақшы компьютерлік желіге шабуыл жасау арқылы құнды бағдарламаны сатпақ болған жерінде қолға түскен. Оған сондай-ақ, өзгенің ақпараттар базасына заңсыз енгендігі туралы айып тағылған. Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы жанынан «К» бөлімі құрылған-ды. Осы тақылеттес оқиға Қостанай облысында да болды. Қостанайлық хакер жүрек жұтқан ба, кеденшілердің компьютерлерінің желісіне жасырын кіріп отырған. Кейін анықталғаны – қылмыскер шабуылға тек түнгі уақытта шыққан. Ал ол кезде кеден қызметкерлері есіктерін мөрмен бекітіп кетеді екен. Сонымен қостанайлық хакер не істеді дейсіз ғой? Интернетті қажетінше пайдаланған ол өзгенің есебі арқылы әлемдік электрондық желімен байланысқа шығудың таңғаларлық жолдарын ойлап табады. Тергеу ісі барысында Кожемяктың интернетпен жұмыс істеген уақыты 450 сағатқа жеткендігі анықталады. Сөйтіп, үкіметке 63 мың теңге шығын келтірген. Ал жуырда орын алған электрондық желі арқылы Қазақстандағы белгілі бір компанияның қоржынынан қомақты қаржы жымқырылуға қатысты оқиға құзырлы саланың міндеттерін еселей түсуге ықпал етеді. Деректерге жүгінсек, бүгінгі күнге дейін компьютерлік желіні заңсыз пайдаланудың 15-ке жуық оқиғасы тіркелген. Бұл ресми мәлімет. Ал жалпы жылына 500-ге жуық оқиға орын алатын көрінеді. Алайда көпшілік құрылымдар бұл жайында жариялағысы келмейді. Олар мұнымен беделіне нұқсан келтіріп, халық сеніміне селкеу түсіріп аламыз деп үрейленсе керек. Сондықтан да «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» дегеннен аспайды. Бұл мәселе бірнеше елдің білекті күш құрылымдарының бірігуіне негіз болып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын ТМД елдерінің құқық қорғау органдары бас қосып, хакерлерден қорғану шараларын заңдастырды. Негізі бұл қазақстандық мамандардың ұсынысы болған екен. Халықаралық деңгейде өткізілген бұл конференцияда біраз мәселе талқыланған болатын. Соның негізгісі – конференцияға қатысушы елдердің заңдарын қайта қарап, тиімділігін арттыру еді. Былайша айтқанда, компьютерлік жүйе байланысы аталған елдер арасында әлдеқашан орнаған. Демек, заң талаптары да бірдей болуы тиіс. Осыны күн тәртібінің бірінші кезегіне қойған конференцияға қатысушылар бір мәмілеге келді. http://kk.wikipedia.org/wiki/Хакер
+4 дауыс
Аз қалдық өзі! Сондықтан білінбей жүрмін!  Білінсем оңдырмайды:)
+5 дауыс
Хакер деген де адам баласы ғой, сондықтан он алты милионның ішінен бір "хакер" табылып қалар деп ойлаймын.
+4 дауыс
Менің әріптесім "хаке" екенін сезетінмін, сол рас сияқты... соңғы кезде Ұлттық Қауіпсіздік жігіттері көмек сұрап көп келеді. Жетіп барсаң компьютерді көтеріп алып тұра қашады.Ол Түркияда хакерлікпен ұсталып, сотталып кете жаздаған, мәскеуде КНБ оқыған, бірақ аяқтамаған.
+4 дауыс
Қазақстанда туып-өскен нағыз "хакер" Саша Маньяк болуы керек.
+3 дауыс

Қазақтар арасында хакерлер жоқ емес бар!mail

+3 дауыс
Мүмкіндік болса араларыңда "хакермін" деп, өзін санап жүрген адам болса... менің компымды бұзып кіріңдерші, "аипи" десеңдер аипиімді жазып береиін <strong>92.47.69.114 күтем сіздерді</strong></p>
Бауырым компьютерің іске жарамай қалады ғой......
Кіріп бұзатындар болса.. саспа ол жағыннан мақтанғаным емес, өзімнің жеке компымда сататын бөлшектері бар. Соны пайдаланам, менің бұлай айтып отырғаным, қазақтың жастары қаншалықты" мықты" екенін біліу үшін істеп отырмын. Мақтанып, өзімшіл болып жазып отырғаным емес қате түсінбеңдер!
...