+2 дауыс
615 көрілді
Астана қаласының конгересс-холл сарайында «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» атты аламан айтыста кім жеңімпаз болды?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Айтысқа Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мұхтар Ниязов, Қанатбек Зәйтолла, Біржан Байтуов сияқты 8 жүйрік қатысты. Өрге салса төске озған жыр сүлейлері бұл жолы үлкен дайындықпен келіпті. Жүйріктер жырламаған тақырып қалмады. Ең алдымен сахнаға көтерілген Мұхтар мен Біржан халықтың әлеуметтік жағдайын жырлап, ұлт денсаулығы мен Қазақ қоғамының көлеңкелі тұстарын көптің көкейіне қондыра білді. Жыры-жалын, тілі-қанжар жас Жандарбек пен айтыстың аққуы Айнұр астарлы әзілден өрнек өріп, өрелі ой танытса, салмақты сөйлеп, тереңнен толғайтын Айбек пен Қытайдан келген қандасымыз Қанатбек шындықтың шымыр жырын өріп, сыйластықтың сырын ағытты. Саңлақ ақын Сара мен балта тілді Балғынбек те халықты әзілге қарқ қылды. Көптің көңіліндегі күпті ойларды көсіле жырлап, көңілдің кірін тазартты. Серкедей сұрыпталған сегіз ақыннан соңғы айналымға Балғынбек, Жандарбек, Айнұр және Қанатбек шықты.

Қоғам қайраткері, публицист Алдан Смайыл, ақын Серікзат Дүйсенғазин, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков және ақын Серік Ақсұңқарұлы, ҚазҒЗМИ бас директоры Мақсат Тәж-Мұрат қазылық еткен айтыстың қорытындысы бойынша қазірге дейін жыр сайысынан 34 көлік мінген Айнұр Тұрсынбаева бас жүлдені еншілеп, 2 миллион теңгемен тағы да қанжығасын майлады. 1 жарым миллионмен 1-орынды Жандарбек Бұлғақов еншілесе, 2-орынды иеленген Балғынбек Имашев 1 миллион теңгемен марапатталды. Қытайдан келген қандасымыз Қанатбек Зәйтолла 3-орыннан көрініп, 750 мың теңгені қанжығалады. Басқа 4 ақын жеке-жеке 500 мың теңгемен марапатталса, екі ерекше сыйлықтың да иелері жарияланды. Kazaitys сайты үзбей ұйымдастырып келе жатқан хат айтыстың жеңімпазы Балғынбек Имашевқа сайт редакциясы ат жетектетті. «Дін мен дәстүр егіз» деп білетін, өрелі өнерді насихаттауды да қатар алып келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сыйлығы Сара Тоқтамысоваға табысталып, Ұмра қажылыққа жұбайымен қоса жолдама алды.

...