+1 дауыс
2.9k көрілді
Ахмет Үйгініки туралы мәліметтер керек еді?

1 жауап

+1 дауыс
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын,хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.Толық мәлімет осы жерде.;http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D2%AF%D0%B3%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%BA%D0%B8_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0%B4
...