+1 дауыс
524 көрілді
Енді құдай сақтасын бірақ қайта құламауына ешкім кепіл емес қой, осы гептилдің адам ағзасына қаншама зияны бар ғой бұл 1-2 жылда байқалмасада алдағы болашақта аурудан көз ашпайтын ұрпақтар болама сонда өздеріңіздің ой-пікіріңізді айта кетсеңіздер.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Оқысаң аяғына дейін оқырсың, өтініш.

Мәңгілікке осылай жылы жауып қоямыз, Ресей крутыш, Қытай братан болып тұрғанда осылай. Біреуі шекараға шабуылдайды, біреуі ұшпай жатып 17секундта 600тонна гептилді құйып жіберіп, зиянсыз, залалдарын жойдық дей салады. Осы жылы 5 рет ұшады деген. Біреуі осы қазанда болуы керек. Қазақстан Ресейге экономикалық жағынан тәуелді, себебі оған қарыз. Қарызымнан құтыла  берейін жәймендеп деп Байқоңырды берді. Ал әлі қалған 4 миллиард қарызын (Ресейден басқа елдерден де алған) қалай өтемек? Ондай ақшаны форточкадан мә, қарызыңды өте деп ешкім бере салмайды.  Қазақстанның ақыры осы қарыздардан болады. Ақыры желге ұшырады екен, неге қарызға ақша алады деймін ғой.

Ресейдің ұшақтарын айтайық, Алматыда бірнеше рет құлады. Бүкіл әлемдегі ең сапасыз,  бірақ ең арзан ұшақтар Ресейдікі болып табылады.  Қазақстандықтар сапасыз болса да пох*, арзан болса болды. Соңы неге ұласты?  Апатқа.

Қытайдың бірде бір Қазақстанға экспортталған тауары қолдануға келмейді, бәрінің бір кемшілігі мен зияны бар. Зато арзан. Қазақстан ақшасын үнемдегенде 4 млрд теңге түсе қалады екен ғой қолына?! Қытайдың көліктері Алматыда жазда 5 рет апат болды, бәрі де орасан зор шығын әкелді. Әне, қазақ өкіметі,қандай үнемшіл?? Бүкіл әлем, Қазақстаннан үлгі алыңдар.

Ресейді крыша қылудың қажеті жоқ, жаңбыр жауғанда қорған болудың орнына төбеңе у құюда. Америкамен одақ елдердің қазір қандай әлеуетке жеткеніне бәрі куә, сол елдегі бүкіл мәселені шешіп, "ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс" қылып тема көмектеседі.

Протон ракетасын ұшыруды тоқтату Ресейдің қолында. Ресейге бұл билікті берген Қазақстан. Қазақ өкіметіне ел басқар деп таққа отырғызған қазақ халқы. Егер халық көтерілсе ешбір парақор, жемқор шенеунік пен өкімет басшысы аман қалмайды.

 

ҚАЗАҚҚА ЕҢ ЖАНЫМ АШИТЫН ЖЕРІМ: ЖАҢАӨЗЕНДЕ ХАЛЫҚҚА ОҚ АТҚАНДА ЕШҚАНДАЙ СЕЗІМНІҢ БОЛМАУЫ. Сіз видеосын көрсеңіз 100 спецназ қолдарында щит пен пистолет - пулемет. Алдарынан шыққан ешкімді тірі қалдырмай қырып келеді. Біреуінің аяғына оқ тиді. Екі жолдасы оны сүйеп көтеріп қашты. Екі көмекшінің бірінің басын оқ тесіп кетті. Екіншісін бір жерінен жаралады. Екеуі шала - жансар жатты. Спецтер олардан аттап өтіп кетті. Ал олардың арттарынан келе жатқан жергілікті менттер ма, біреулер соларды тепкілеп жаныштады. НЕ ДЕГЕН ИТ ӨЛІМ!   Әйелдерді, қарттарды да дәл солай атып өлтірді. Халқының жанайқайын тыңдаудың орнына оларды атуға рұқсат берген қандай жауыз деп артынан тексерсең не болғанын білесің бе?  ЖАҢАӨЗЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АТУҒА ЕШКІМ РҰҚСАТ БЕРМЕГЕН болып шықты, сонда олар өздерінің білгенін істеген ғой. Ешкім рұқсат бермеді дейік, әрбір спецназ кем дегенде 4 адамнан өлтірді заңсыз түрде, оларды жазалаған жоқ. Сен бар да, супермаркеттен "зубный паста" ұрла, қалай жазаланады екенсің?! Қазақ, қашан оянады екесің?

(Жаңаөзендегі атыстың видеосын бір танысымнан алдым, ол мұны күліп тамашалап отыр еді "міне қара мынаның аяғын 5,5 мм калибрмен жаралады, мен болсам жүріп кетер ем" деп. Осыны өзім көрдім, үйімдегілерге көрсеткенде жылап отырғандары да болды. Ал ертеңіне қазақтың болашағы - жастардан, достарымнан осы видеоны тағы да көрдім. Бәрі де соны күліп көріп отыр екен)
Бір миссионер айтыпты: "Енді 100 жылдан соң қазақ деген ұлт болмайды" деп. Соның алғышарттары қалыптасып келе жатқан жоқ па?
Былай сырт көзге қарасаң бәрі тамаша оның ішіне ешкім үңілгісі келмейді. мейлі оған әліміз келмеседе өз тіліміз, қадірлеуге шамамыз жететін шығар  өзінің руын білмейтін қазақтар көбейіп барады, сонда ол ертең ол жүрген қыздың руы бір болып қалса қалай болмақ қарындасымен жүре берема ұят жағдай((((((((((
- басатындай кім екен, қай жері жаман, қай жері ұнамады? Соны айтып барып басса екен, не үшін - басуға лайықты болғанымды білетін.
0 дауыс
Қазақстан өркениетті мемлекет ретінде барлық халықаралық келісімдерді орындайды. Соның бірі - Ресеймен екі арадағы Байқоңыр кешені туралы келісім. Ал Жаңаөзен оқиғасына келсек, онда бірнеше жүгенсіз өздерінің бұзақылық әрекеттерімен көптеген жерлестеріне зияндарын тигізді. Бұзақылар мемлекеттік мекеме - әкімшіліктің ғимаратын өртеп, полицияны тыңдамай жатса, жағдай ушығып кетпеу үшін арнайы әскерді кіргізу дұрыс шешім.
СОнда біз де  спецназдар емес,  4 бұрышына РПГ, пулемет  қойып қыруымыз керек пе үлгі алып?
Шатаспаңыз, мен олай деген жоқпын. Біздің билік солар сияқты халықты қырып салған жоқ деген мағынада айттым.
Сонда  биліктің істегені дұрыс па?  Қаншама адамды қырғаны.
Қаншама адамды қырыпты? Ол туралы нақты мәліметіңіз бар ма? Әшейін "әйел өсек" ақпарат агенттінің мәліметі ғана ма? Болса, қай источниктен алғаныңызды көрсетіңіз.
 менің көргенім бұл емес еді, бірақ саға осы да жетеді.
Маған не жететінін өзім білемін, ақымақ емеспін. Бірақ, ел ішінде өзім өз көзіммен көрмегенді зорайтып айтатын адамың мен емес, мен еркекпін.
Сонда сен кімді ақымақ дегің келіп тұр? Көрдің бе, көңілің толды ма?
0 дауыс
Ракетаны кайта ушырмас ушин ол онсыз да синири шыккан Кызылордага емес, гулденип турган Астанага кулау керек пе еди?!!
0 дауыс
https://secure.avaaz.org/ru/petition/Prekrashcheniya_ispolzovaniya_raketnogo_topliva_GEPTIL_na_kosmodrome_Baykonur/?ekBkBeb
...