0 дауыс
3.4k көрілді
Жаһандық жылыну жайлы не білесіздер?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
“жаһандық жылыну қатері” дегеніміз не? Климаттың өзгеру қаупі туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 та­мызда “Scіence” атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет “жаһандық жылыну” терминін өмірге әкелді. Ауа райының өзгеру құбылысын екі мың жылға тарта тарихы бар климатология ғы­лы­мы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасыр­дың соңына дейін бұл ғылымның ізденістеріне адамзат қауымдастығы тарапынан аса бір қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жат­қан­дығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжам­дарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүние­нің төрт бұрышында да жердің жоғарғы қаба­тының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген тұрғыда емес, бұл проблеманың төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмен­деуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін тигізген адамзаттың техногендік әрек­ет­терінің салдары ма деген тұрғыда өрбіп жатыр. Жаһандық жылыну дүркін-дүркін қайта­ланып тұратын қалыпты табиғи құбылыс деп дәлелдейтіндер не дейді? Олардың айтуын­ша, соңғы екі мың жыл ішінде Жер шарын мекендейтін тіршілік атаулы үш рет жаһан­дық жылыну кезеңін, үш рет жаһандық суы­ған кезеңді бастан өткерген. Температураның соңғы төмендеу кезеңі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталыпты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ауа райы қалпына келіп, ХХ ғасырда қайтадан жаһандық жылыну кезеңі басталып, сол ғасырдың соңында 0,7-0,8 градусқа жеткен. Сондықтан, дейді та­биғи тәсілді жақтаушылар, бүгінгі жаһандық жылыну кезеңі ұзамай ауа температурасының төмендеу кезеңіне ауысады. Оның Жер ор­битасы параметрлерінің өзгеруіне байланыс­ты Күн қызуының құбылуы сияқты астро­номиялық, Гольфстрим атты мұхиттар ағысы қуатының әлсіреуі сияқты табиғи себептері бар көрінеді
Қай сайттан алдың? Қолмен жазбағансың ғой?
менің оқыған тақырыбымғо бұл.өз қолыммен жазуға да болар еді.бірақ толық түсіндіре алмас едім.сондықтан инеттен көшіріп алдым.
+1 дауыс
Жер бетіндегі барлық климаттық құбылыстар сағат маятнигі сияқты дамиды: климат жылынады, артынша суиды, қайта жылынады, қайта суиды. Сол сияқты, Арал теңізі бірде, тартылып бірде толады. Арал тартылғанда, Каспий толады және керісінше.
...