0 дауыс
4.8k көрілді
Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан ол үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы плаңдарм еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігінің тигізген ықпалы болдьі. Қазақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауыт-фабриқалары шығарған өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп тұрудың қайнар көзі деп білді.

2 жауап

+2 дауыс
Түсініп оқысаң есіңде қалады... Қазір 3-4 рет оқы, сосын таңертең 2-3 рет оқы, сол кезде жақсылап есіңде қалады...
Өз сөзімен айта аласын ба сонда мен түсінемін
Мынаны текстті өз сөзіммен түсіндіріп берш дейсің бе ? ))) Әлде мен қате түсіндім ба ?
өз сөзімен түсіндіріп берші
Мила ренжіме мынаның сөздері ауыр екен ))) Ертең өзім де тарихтан саб.айту керек...
жақсы сенің логины бар ма
Логиныңды  мына  жерден жазып жібер... https://surak.baribar.kz/message/nurbolat1995
0 дауыс
Түсінікті азанда ерте тұрып оқысаң түсінікті жаттап аласың не болмаса осы мəтінді өз сөзіңмен параққа жазып алып соны айт сол оңайырақ.
...