0 дауыс
11.5k көрілді
Біздің мектебімізде "Алтын күз" ХАНЗАДАЛАР МЕН XАНШАЙЫМДАР)сайысы  өтпек,соған байланысты маған таныстыруҒА  ханшайым мен ханзада туралы ертегі керек болып тұр өтінемін сіздерден көмек етіңіздерші,маған!

2 жауап

+1 дауыс

Автор - Андерсен Г.Х.

 

русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.
Ертеде ұшы-қиыры жоқ көк теңіздің тұңғиық тереңін су перілері мекен етіпті. Перілер патшасының алты қызы болыпты. Ханшалар көрген жанды тамсандырарлықтай көрікті екен.  Патшаның әйелі ерте дүние салғандықтан, қыздарды әжесі тәрбиелепті.

Су асты патшалығының заңы бойынша, ханшалар он беске толғанда бір рет теңіз бетіне көтерілуге рұқсат беріледі екен.

Жылдар жылжып, патшаның кенже қызы он беске толады. Ол мұны көптен аңсап күткен еді. Жоғарыға көтерілген су ханшасы жартасқа отырып алып, жан-жағына көз жүгіртеді. Қол созым жерде үлкен кеме тұр екен. Кеменің бір ғана желкені көтерулі, қалғаны түсіріліп қойыпты. Іші толған адамдар. Барлығы салтанатты киінген. Әйткенмен, ханшаның көзі солардың ішіндегі сүйкімді бір жас жігітке түседі.

Дәл осы сәтте аспанды қара бұлт торлап, найзағай ойнап, теңіз беті астан-кестен болады. Арыны қатты толқындар алып кемені шайқап- шайқап, суға батырып жібереді.

Ханша бағанасы жас жігітті іздейді. Найзағай тағы бір жарқ еткенде кеменің быт-шыт болғанын, жігіттің суда малтып жүргенін көзі шалып қалады. Ханшаның журегі зырқ етеді. Жоқ, жоқ, ол өлмеу керек! Қыз өзіне төнген қауіп-қатерді естен шығарып, сынған ағаштар мен тақтайлардың арасымен жігітке қарай ұмтылады. Бірде тереңге сүңгіп, бірде толқынмен бірге көтеріліп, ханзаданы қуып жетеді. Бұл кезде ханзада шаршап, аяқ-қолдары икемге көнбей, сіресіп, әлі құри бастаған болатын. Су ханшасы құтқарып үлгермесе, оның өлері анық еді. Ханша жігіттің басын судан шығара сүйемелдей көтеріп, толқынмен бірге жағаға қарай жүзіп отырады.

Ақыры, жағалауға де жетеді. Ханаша жігітті судан алып шығып, басын биік көтеріп, құмға жатқызады. «Байғұс ханзаданы бірулер көріп, көмекке келер» деп үміттенеді. Дәл осы сәтте биік ақ үй жақтан даңғырлаған қоңырау үні естіледі. Артынша шуылдасқан бір топ жас қыздар көрінеді.  Ханша судағы жартастың артына тығылып қарап тұрады.

Қыздардың бірі сұлық жатқан жігітті көріп жақын келеді. Алғашында қорқып, шыңғырып жібереді. Бірақ артынша басқа адамдарды көмекке шақырады.

русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.Су ханшасы көп уақыт өтпей-ақ ханзаданың тіріліп, басын көтергенін, айнала қоршап тұрғандардың әрқайсысына күлімсірей қарағанын көреді. Неге екені белгісіз, қыздың көңілі құлазып, жүрегі шым етеді. Өйткені, жігіт бұған күлімдемейді. Өзін құтқарған жанның су ханшасы екенін ол білмейді. Ханша да ауыр мұңға батып, су асты мекеніне қайтады. Жас ханша бұрын да көп сөйлемейтін, тұйық болатын, енді одан сайын тұнжырап, өзімен өзі жүретін болды. Жоғарыда не көргенін сұраған әпкелеріне де жақ ашпайды.


Осы оқиғадан кейін ол адамдар туралы тереңірек білгісі келді. Әсіресе, әжесінің маңайынан шықпайтын болды. Әжесі оған адамдардың жаны, яғни рухы болатынын, адам өлсе де оның рухы мәңгі өмір сүретінін айтып береді.  – Әже, неге бізде мәңгі өлмейтін рух жоқ. Мен тіпті адамның бір күнгі өміріне өзімнің бар өмірімді айырбастар едім. Шынымен де, ондай рухқа қол жетку мүмкін емес пе? – деп күрсінеді жас ханша.

русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.
– Жоқ, – дейді әжесі. – Бірақ егер адамдардың бірі сені қатты ұнатып қалса, саған бар жүрегімен, жан-дүниесімен берілсе, шіркеуде бір-біріңе адал болуға ант етісіп, некелеріңді қиғызсаңдар, сонда оның жаны сенің тәніңе дарып, сен де адамдар сияқты шынайы өмірдің дәмін татар едің.


Мұны естіген қызға «Мен оған қатты ғашықпын! Онсыз өмір сүре алмаймын. Маған, мүмкін, теңіз мыстаны көмектесер, ақылын айтар. Не болса да барып көрейін» деген ой келеді.  «Білем, не үшін келгеніңді, – дейді мыстан. – Ойға алған ісің ақымақтық! Жарайды, маған бәрібір, тілегіңді орындайын. Бірақ бұл саған үлкен қайғы әкеледі! Сен бір ханзадаға ғашықсың, сондықтан адамдардікі сияқты мәңгі өлмейтін жаныңның болғанын қалайсың. Сол үшін қабыршақты құйрығыңды екі аяққа ауыстыруға барсың. Жақсы! Мен саған сиқыры бар ішірткі дайындап беремін. Күн шықпай тұрып теңіз жағасына жетесің де, сол жерде отырып, оның бір тамшысын қалдырмай ішесің. Сонда құйрығың екіге бөлініп, аяққа айналады. Алайда ол оңайға түспейді. Денеңді өткір қанжармен кесіп жатқандай сезінесің, қатты ауырады. Тек осының бәріне шыдаймын десең, мен саған көмектесемін. Оның есесіне, сені көрген адамдар мұндай сұлуды еш жерден еш уақытта көрген жоқпыз деп таңдайларын қағатын болады».

– Иә, бәріне келісемін, – дейді қыз дірілдей үн қатып. – Ішірткінің бағасы өте қымбат. Патшалықта сенің дауысыңнан әдемі дауыс жоқ. Менің қалауым – сыңғырлаған дауысың, – дейді мыстан. Қыз келісімін береді.


русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.Кәрі мыстан қызға ішірткі дайындайды. Сиқырлы суын ұсынып тұрып:
– Есіңде болсын, адамға айналған соң, ешқашан осы қалпыңа келе алмайсың. Су асты өміріне қайтып оралуың мүмкін емес. Егер сен ғашық болған ханзада басқа біреуге үйленетін болса, сол күні таң атқанда  аппақ көбікке айналып кетесің, – дейді.


русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.Таң енді ата бастаған кезде ханша теңіз жағасына жүзіп келіп, мыстанның дайындаған ішірткісін ішеді. Сол кезде біреу денесін қанжармен кесіп жатқандай қатты ауырады. Құйрығы екіге бөлініп, аяққа айналады. Адам қалпына енген ол теңіз жағалауындағы зәулім сарайға кіріп, ханзаданы іздей бастайды. Сарайдағы әрбір есікті ақырын ашып көреді. Бөлмелердің бірінде өзі ғашық ханзада тәтті ұйқы құшағында жатыр екен.

  Ұйқысынан оянған ханзада бөлмесінде отырған сұлу қызды көреді. Қайдан келгенін, қалайша бұл сарайға тап болғанын сұрайды. Бірақ дауысынан айрылған қыз жауап бере алмайды. Ханзада қыздың сарайда қалуына рұқсат береді.

русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.
Осылай күндер өтіп жатады. Ханзада су ханшасына әбден бауыр басады. Бірақ ол қызды тек қарындасы ретінде ғана жақсы көрді. Бір күні ханзада су ханшасына өзін бір қыздың ажал аузынан алып қалғанын, сол қызды іздеп жүргенін, егер тапса, соған үйленетінін айтады.  Арада біраз уақыт өтеді. Сарайда «ханзада көрші патшаның сұлу қызына үйленбекші, сол үшін өзінің кемесін керемет етіп сәндеп жатыр» деген әңгіме өрбиді.


Ақыры, бір күні ханзада:
– Мен жол жүрмекпін! Көрші патшаның қызымен танысуым керек. Бұл – ата-анамның қалауы! – дейді. – Алайда олар мені күштеп үйлендіре алмайды, себебі менің жүрегім басқаны қалайды. Мен өзімді құтқарған қызды ғана ойлаумен жүрмін. Егер маған, әйтеуір, бір қалыңдық тауып, үйлену қажеттігі туса, мен тек сені таңдар едім.

Ханзаданың бұл сөздері қызға қанат бітіргендей әсер етеді. Су перісінің қуанғаны сонша, шыр айналып билей жөнеледі. Сарайдағылар назды бойжеткеннің әсем қозғалысына сүйсіне қарайды.  Хазада қыздың осы биімен нені айтқысы келгенін түсінбейді. Мен үшін қуанған екен деп ойлайды. Биін аяқтаған арудың маңдайынан сүйіп, өзімен бірге ала кететінін айтады.

Таң ата кеме көрші патшалықтың астанасына келіп жетеді. Бұларды патша салтанатты түрде қарсы алады. Қалада үлкен мереке-думан басталады. Ханзада патшаның қызын көріп, оны бірден таниды.

русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.Бұл кезінде ханзада жағалауда жатқанда ақ үй жақтан келген шуылдасқан бір топ жас қыздардың бірі еді. Ханзада мені өлімнен осы қыз құтқарды деп ойлайтын. Ханзада су ханшасын жанына шақырып алып:
– Мені өлімнен құтқарып қалған қызды тапсам, өзіме жар етемін деп серт еткенім есіңде ме? Сен мен үшін қымбатсың. Қарындасымдай болып кеттің. Сырымды саған айтамын. Мен осынша уақыт іздеген адамымды таптым. Ол – патшаның қызы. Жаңа көргенде бірден таныдым, – дейді қуанып.

Қыз ханзаданың әңгімесін ұйып тыңдайды. «Сені өлімнен арашалап алып қалған ол емес, мен» деп айқайлағысы-ақ келеді. Бірақ амал қанша, сөйлей алмайды. Ханзада еш нәрсені байқар емес. Тек патшаның қызынан көз алмай қарап тұр. Жанындағы жаны жыласа да, көзі күлімдеп тұрған, өзі үшін қатерлі іске бел буған, қаншама ауыртпашылықты көтерген, тіпті әсем дауысынан айырылған қыздың жан-дүниесін түсіне алмады.

Сөйтіп ханзада патша қызына:
– Маған тұрмысқа шығасың ба? – деп ұсыныс жасайды. Қыз келісімін береді.  Сол күні ақ шіркеу қоңыраулары дабыл қағып, жаршылар ханшаға көрші патшаның ұлының құда түсіп келгені туралы жар салады.

Күйеу жігіт пен қалыңдық шіркеуге келіп, діндар әкейдің батасын алады, некелерін қиғызады. Су ханшасы, өзіне қаншалықты ауыр тисе де, тойға қатысады. Алайда елдің қуанышты дауыстары мен көңілді музыка үнін естімейді, ерекше салтанатпен өтіп жатқан неке қию рәсімін де көрмейді. Оның бар ойы басқа жақта болады: ертеңгі күні өзіне төніп тұрған өлім сағатын, өмірімен қош айтысатын мезгілінің жақындап қалғанын ойлап, мазасы  кетеді.

  Рәсім аяқталысымен жас жұбайлар кемемен күйеу жігіттің еліне аттанады. Жол бойы кемедегілер би билеп, әзілдесіп, көңіл көтереді. Ханзаданың ойында ештеңе жоқ, бар ынтасы тек қалыңдығына ауған. Ол қыздың жоқтығын байқамайды да.
 

 Бұл кезде су ханшасы кеменің адам жоқ жеріне барып, белдемше жақтауына сүйеніп, теңізге қарап ойланып тұрған еді. Кенет ол судан бастарын шығарып тұрған әпкелерін көреді. Олардың да өңдері боп-боз, бұрынғыдай ұзын да қою шаштары желмен желкілдеп көрінбейді, барлығы шаштарын қиғызып тастапты. 

русалочка ертегі сказки на казахском языке су перісі Андерсен Г.Х.Әпкелері қызды өлімнен аман алып қалу үшін шаштарын теңіз мыстанына тарту етіпті. Мыстан оларға өткір пышақ беріп: «Күн шықпай тұрып, мына пышақты ханзаданың жүрегіне сұғып алсын. Сонда жып-жылы қан аяғына шашырап, бұрынғы құйрығы қалпына келіп, қайтадан су перизатына айналады» депті.  Осы кезде кеме жағалауға келіп тоқтайды. Ханзада қалыңдығын ертіп сарайға қарай бет алады. Жолдан шаршаған кемедегілер жай-жайына кетіп, сарайда тыныштық орнайды. Ұйықтамаған тек су ханшасы ғана. Түн ортасы ауып, таң жақын дағанда қыз ақырын басып ханзаданың бөлмесіне кіреді. Ол қолындағы пышаққа бір, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан хан задаға бір қарайды. Сүйіктісін өлімге қимайды. Содан соң еңкейіп, жігіттің әдемі маңдайы нан сүйеді де бөлмеден шығып кетеді. Жүрген қалпы тоқтамай жағалауға келеді.

Күннің сәулелері енді ғана сыздықтап біліне бастапты. Қыздың маңайында мөп-мөлдір ғажайып бір тіршілік иелері – ауа періштелері ұшып жүр. Енді, міне, су ханшасы да солар сияқты мөлдір тамшыға айналып, жоғары қарай қалықтай бастады.

 

болады ма :)
жок бул өте ұзақ қой
Ханшайымға жаным ашиды..... :(
0 дауыс
http://1referat.kz/ertegiler-men-anyzdar/qanshajym-men-zheti-onerpaz.html

Ұқсас сұрақтар

...