Бір күні Әли деген жігіт әйелі екеуі бір жерге бармақ болып үйінен шығады. Әлидің жары Ислам дінінің бұйрығы бойынша жамылғы жамылып, орамалын таққан әйел еді. Үйінен шығып қоғамдық автобус көлігіне отырады. Оларға қарама-қарсы отырған бір кісі, Әлиге қарап: - Сенен бір нәрсе сұрасам бола ма? Ренжімейтін шығарсың?!- дейді - Иә. Сұрай қойыңыз, – дейді Әли күлімдеп. - Осы сендер дінді ұстадым деп, әйелдеріңді орап жүргенге құмарсыңдар. Осылай бұйырылған деп ешкімге құлақ аспайсыңдар. Қарап отырсам әйеліңді орандырып киіндіріп алыпсың. Әйелің бұдан кейін қалай еркін өмір сүреді. Заман күн өткен сайын дамып, өркениетке қол жетіп жатқанда, сен болсаң әйеліңе еркін өмір сүргізбейсің,-депті төбеден су құйғандай қылып. Содан кейін тағы да: - Міне, менің әйеліме қарашы. Жабық киінбейді және еркін өмір сүреді. Өмірден ләззат алады, – депті қасында отырған әйелін меңзеп! - Ал, сен.. – деп дөрекілеу сөйлеп, – әлде бұған берер басқалай жауабың бар ма? Сол кезде автобустың ішіндегі қалың жұрт енді не болар екен дегендей Әлидің аузына қарап қалады. Сонда Әли бірден жанына қараса, терезеден үсті матамен жабылған автокөлікке көзі түседі. - Анау үсті жабылған көлікті көрдіңіз бе? – деп Әли әлгі кісінің назарын аудартады. - Иә, көрдім. Онда тұрған не бар? – деп сұрайды таңғала. - Неге ол көлікті жауып қойған деп ойлайсыз? - Енді, ол көліктің иесі көлігіне аса ұқыптылықпен, күтіп қарайтыны көрініп тұр. Көлігінің бүлінбеуін, кірлемеуін қалағандықтан солай істейді. - Ал енді сол жердегі автобусты көріп тұрсыз ба? - Иә, көріп тұрмын. - Неліктен ол жабылмаған? - Себебі, ол қоғамдық көлік. Оны жалғыз адам емес, дүйім жұрт пайдаланады. Сонымен не айтқың келіп отыр? – дейді әлгі кісі шыдамсызданып. Екеуара әңгімені автобус ішіндегілердің бәрі тыңдап тұр еді. Сонда жас Әли: - Білсеңіз, менің әйелім маған өте қымбат. Мен оған қамқор болам, әрі жақсы көрем. Сырттағы сұқ көздердің менің әйеліме қадалғанын қаламаймын. Мен өзімнің сүйікті жарымды жаңағы беті жабылған көлікке қарағандай қараймын. Сондықтан да ол хижаб киеді. Ал сіздің әйеліңіз әлгіндегі әркім кез-келген сәтте қарай алатын қоғамдық көлікке көбірек ұқсайды. Сіздің онда жұмысыңыз жоқ, – депті шегелегендей қылып..! Енді жұрт назары әлгі екеуіне ауды. Сонда әлгі кісі не дерін білмей қобалжып қалады. Ал әйелі болса, қызарып орнынан қозғала алмай қалған екен. Сөйтіп екеуі жақын аялдамадан ертерек түсіп қалған көрінеді… Ал автобус жүрісін әрі қарай жалғастыра берді. БҰЛ ЖАҒДАЙДА ОСЫҒАН ҰҚСАС. Мен Хиджаб кигендері дұрыс деп ойлаймын. Адамдардың санасы, түсінігі төмен болғасын қайтесің!