+2 дауыс
474 көрілді

Бір бастан көп бас жақсы дейді.Тағы сумен байланыстырып не қосуға болады. Және кемшіліктер болса ескертсеңіздер.

Өмір -Су. 

Судың дәмін татқанда,

Бөлесің тұщы ащыға.

Су секілді бөлінер

Өмірде фәни бақиға.

 

Өмір деген төрт мұхит,

Шенеуліктер бас кит.

Жемтігі шабақ халығы

Береді пара бас иіп.

 

Өмір деген теңізде,

Қайығыңды тізгінде.

Тиеп ап білім қапшығын

Бағыт алғын ізгі іске.

 

Өмір деген тынық көл,

Құпияға толық мол.

Толқытпасаң дауылдай

Қауіпке толмас уақыт жол.

 

Өмір деген өзен бұл,

Өзен кешіп жүрме құр.

Имандылық балығын

Қармақ салып сүзе біл.

 

Өмір деген тар арық,

Арнасында жүр халық.

тар арықты ылайлап

Қоспайықшы у арақ.

 

Өмірдің мынау кеңдігін,

Суларға түрлі теңедім.

Бақиға қарай ағатын.

Өмірге қонақ пендемін.

 

 

Сұрақтың жабылу себебі: Өнерің өрге жүзсін! Бірақ, бұл өз өнерін көрсететін сайт емес. Сұрақ қойып жауап беретін жер! Басқа жазған шығармаларыңды салатын блоктұғырлар мен сайттар бар. Сонда салыңыз!
Су неге жер бетінде тұрақтап тұрда неге жердің төменгі жақ бетіндегі су айдындары аспанға ұшып кетпейді, себебі тартылыс күші бар. Мүмкін осы кәдеңе жарар.
...