Қазақша әндерді қайдан жүктеуге болады?

2 ұнайтын 1 ұнамады
524 қаралды

Ана тілімде әндер өте аз екен. Тыңдағым келіп еді...

Жалпы ән туралы сұрақ қойды | 524 қаралды

4 жауап

1 like 0 ұнамайтын
Қазақ тілінде сұрасаңыз жауап береміз! =)

Мына сайттан тындасаңыз болады. Тіпті терме күйлер де бар. https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://www.dastan-studio.kz/

Барлық әншілер жеке жеке толық әндерімен берілген.
https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://www.dastan-studio.kz/?page_id=287
жауап берді
Рахмет, Үкілі админ! Бірақ өз өленімді таба алмадым
Әнді кім айтады. Әннің аты қандай.
дастан студиядан әндердіжүктеуге бола ма
Әрине болады.
1 like 0 ұнамайтын
Нақты қандай әнді іздедің?
жауап берді
0 ұнайтын 0 ұнамайтын
жауап берді
0 ұнайтын 0 ұнамайтын
АНА ТІЛІ
Сөзі Т.Молдағалиевтікі
Әні Қадырбай Аманжоловтікі

                   Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де,
                   Менің ана тілімде.
                   Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,
                   Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

                   Барлық тілді үйренесің сен әлі,
                   Жігіт болып саналы.
                   Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
                   Өз еліңнің туын көтер жоғары.

                   Мен анамды ұғындым деп мақтанам,
                   Тілін білдім, жырын білдім сақтаған.
                   Өз анасын сыйламаған пақырлар
                   Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам.

                   Ұлым менің, бұл сөзіме бағарсың,
                   Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
                   Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
                   Ал басқасын өзің тауып аларсың.

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ!
Сөзі: Сайлаубай Тойлыбаевтікі
Әні:Гүлмира Қаналиеванікі

                   Жанымды, әттең, қажап тұр
                   Көңіл бөл, тілге аз-ақ бір
                   Жүрекпен ұғып, тыңдасаң
                   Қазақтың тілі – ғажап тіл.

                            Қайырмасы       
                            Әуені қандай “саз” мұңды
                            Түсіреді еске наз күнді.
                            Атадан қалған қазақтың
                            Мақалы қандай мазмұнды.

                   Өткір тіл, отты жалынды
                   Тербетер мынау жаныңды
                   Қазақтың шешен сөздері-ай
                   Қозғайтын жүрек, қаныңды!
                   Қайырмасы
                   Көкейге нақыл ілінген
                   Іздеймін терең білімнен
                   Қазақтың даңқын көтерген
                   Айналдым қазақ тілімнен.

АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЯУЛЫ ҮНІ
                            Сөзі Шона Смаханұлынікі
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: “Жаным”,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай,
Сол тілін, әнін
                            Қайырмасы:
                   Анамның тілі – Айбыным менің,
                   Анамның тілі – Ай, Күнім менің.
                   Сүйемін байтақ елімді туған,
                   Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім.
Тыңдадым сөзін,
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі –
Аяулы үні.
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
                            Қайырмасы:
                   Көңілге көрік,
                   Өмірге серік.
                   Әсем  ән-жыр,
                   Қайрат, қуатым.
                   Сөйлесем мыңға,
                   Өрлесем шыңға.
                   Анамның тілі-
                   Асыл мұратым.
жауап берді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

Онлайн Чат
116,257 сұрақ
295,175 жауап
152,911 пікір
61,071 қолданушы