+1 дауыс
381 көрілді
Сайтта жақсы жауап белгіленбеген сұрақтар қатары біршама көбейіп қалған,себебі неде деп ойлайсыз?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол сайттың қолданушыларының сайтты әлі де болса қалай жұмыс жасайтындығын түсінбеуінде. КӨп қолданушы сайтқа алғаш келген соң [FAQ-Көмек][1] -пен танысып шықпауында. Бұл мәселені былай шешуге болады. Жақында сайттын мүмкіншілігі жаңартылғанда қолданушылар міндетті түрде Көмекпен танысып шығатындай етіп және сайттың мүмкіншілігін жақсы білетін белсенді қолданушылар жауап жазған соң астына Егер жауабым ұнаса Жақсы Жауап етіп Сары жұлдызшаны баса кетсеңіз деп өтініш қалдырып тұру. Сайта мынадай мүмкіншілікті істеп тұр, бірақ оны әлі іске қосқан жоқпын. Жақсы жауап таңдалған соң бітті одан соң жауап бере алмайтындай етіп. Бүгін оны іске қосып көремін. Яғни жақсы жауап таңдалса бітті, ол сұраққа жауап бере алмайсыз. Ол сұрақтың жауабы табылды деген сөз. :o


  [1]: https://surak.baribar.kz/faq-көмек
Өте дұрыс, қосыламын.Сұрақтың жауабы табылса ары қарай қаузаудың керегі жоқ деген ой ғой, бірақ аздаған пікірталастарға мүмкіндік беру керек шығар.Мысалы,осы сұрақтың жауабына мен қанағаттандым,жақсы деп белгілеймін,сұрақ жабылады солай болайын деп тұр ғой.Ал енді келесі бір қолданушы өзінің келіспейтін пікірін,болмаса өз ойын қосып толықтырғысы келсе қалай болады,сайттың мүмкіншілік аясын тарылтып алмаймыз ба деген қорқынышым ғой,сол жағын ойлансаң.Сонан соң пікірден соң,-"Ұнаса жақсы жауап деп белгіле"- деп өтініш айтып жату да біртүрлі көрінеді,жалыныш сияқты ма, қалай?
Жауапқа қанағаттандым,+1.Жақсы жауап.
меніңше Админ мырза ол дұрыс емес сияқты, таяқтың екі ұшы болатындай бұл менің ойым ғой, меніңше оданда жақсы жауапты тек бір рет ғана қолдануға болатындай болса, жақсы жауапты белгілеп артынша қайтадан өзгертпей. ал жақсы жауап белгіленбеуі мүмкін қолданушы өзіне қажетті сұрақ тппағанынан да болуы мүмкін ғой. немесе әр сұрақтың қойған сайын автоматты түрде "ұнаған жауапты белгілеуді ұмытпаңыз" деген секілді жазу тұрса да болады деп ойлаймын. ал жақсы жауптан кейін онымен келіспейтін тағы екінші жауап болса ше, ол өз ойын айта алмай қалады ғой, әр адамның ойы әр түрлі, келіспеушіліктер туындауы мүмкін. кейбір сұрақтардың екі дұрыс жауабы да болады, ені сол сияқты дегенім ғой
Димаштың ойларының жаны бар,келісіп пішкен тон келте болмайды.Адамдардың ойына тұсау болмайтын жағына көңіл бөлген дұрыс болар.
+1 дауыс
Бұныңыз дұрыс сосын тағы дауыс беруді шектесеңіз, жақсы жауапты таңдағанда дұрысын таңдаса тіптен жақсы болар еді қолданушылар.
Қалай сенің пікіріңді жақсы деп бағаламаймын, негізі елдің бәрі жақсы болса екен деп ойлаймын.Көре алмайтын сорлылардың қатарында болғым келмейді.+1 саған.
...