Қоянды қамыс қалай өлтіреді?

0 дауыс
16.1k қаралым
Қазақта "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақал бар, шынында қоянды қамыс қалай өлтіреді?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 16.1k қаралым

5 жауап

+2 дауыс
Қазақ, ұйғыр халықтары арасында кең тараған қоянды аулаудың бір түрі — қиылған қамыс ұшына қоянды арандатып аулау. Аңшылар бұл әдісті, әдетте, қыстың жерді қар басқан күндері қолданған. ол үшін өзен-көл бойында қалың болып өсетін қамыс, қоғаларды мұзбен бірге қатып қалған түбірлерін бір қарыстай қалдырып, өткір орақ, не шалғымен қиғаштап орып алып, түбірлердің ұш жағын өткір де үшкір істік етіп тастайды. Сыртқа жайылуға шыққан жабайы қояндар аңшылардың иттері қуып бергенде бар пәрменімен аттап-бұттап қамыс ішіне қайта қойып-қойып кеткенде қамыстың істік түбірлеріне еріксіз арандап, үсті-басып қан-қан болып, соған малтып, шалажансар болып, қолға түседі. Міне, осы тәсілге қатысты халық аузында
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді - деген мақал қалыптасқан.
+1 дауыс
Шына келсек бұл олай өлтіру тура мағынада емес. Жігітті намыс өлтіреді дейді намысына тисең бір жігіттің ол сол жерде өле салмайды. Жігіт намысты болу керек деген мағынады айтылған. Қоянды қамыс өліреді дегенде солай. Нурстын жауабы келетін сияқты.
+1 дауыс

"Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" -деген сөздің мағанасы менің ойымша былай-ау деп болжаймын. Ержігіт бір нәрседен қорланғанғанда соған намыстанып, қашан есесін қайтарғанша күніне жүз өледі, кей уақыттарда сол намысқа шыдай алмай шалт, қате қылықтарға барып келеңсіз жағдайларға ұрынып қалады. Міне менімше жігіттің намыстан өлгені осы болар. Осыған орай халық арасында: "Жеті рет өлшеп бір рет кес"-деген сөзді бекер айтпаса керек. Ал қоянды қамыс өлтірер дегеніміз қоянның қорқақ атына байланысты болар, қамыс-қоғаның әр сытырынан қорқып-ақ күнде өлетін болғандықтан алғашқы мақалға баламалы түрде алған болар дана бабаларымыз.

0 дауыс
Меніңше,былай сияқты:Қоян қамысты жеген кезде оның тамағында тұрып қалады.Қамыс өзі үшкір өсімдік.Оны жегенде ол қоянның тамағынан өтпей,сол тамағына үшкір болып қадалып қалады.Оны не шайнай алмайды,не жұта алмайды,сөйтіп ол өліп қалады. Сонда қамыс оны өз ішінен өлтіреді.
0 дауыс
Қоянды қамыс өлтіреді дегені, бұл жерде қамыс оқ. Ертеде қазақтар балдарын алғаш садақ үйреткенде қамыс оқпен үйреткен. Жәнеде құстарды, майда шүйде аңдарды қамыс оқпен атып алған. Қоянды қамыс өлтіреді деген сол деп ойлаймын. М.Мағауйннің керемет суреттегені бар Айшешек бегімнің қамыс оқпен Көшек сұлтанға үйрек атып бергені.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
24.01.2022 • Санаты: Жалпы сұрақ Аноним сұрақ қойды
127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы