Ақпаратты кодтау
Әр түрлі ақпарат тасуыштарда әр түрлі ұсыну (көрсету) тәсілдері қолданылады.
Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады:
Қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таспа, ағашта, матада, кілт бедерінде т.б.
Элекромагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада т.б.
Құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде.
Ақпарат беру мына түрлерде жүргізіледі:
1. Сигналдар түрінде. Техникалық құрылымдарда да, адамдар қарым-қатынасында да, телекоммуникацияларда, қоғам өмірінде, тірі жәндіктерде.
2. Адамдар қарым-қатынасында, техникалық құрылғыларда.
Механикалық жолмен.
Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дискеттер, аудио және бейне кассеталар, перфокарталар, перфоленталар, кинопленкалар, телекоммуникация объектілері (радио, теледидар, телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер т.б.)
ЭЕМ көптеген техникалық құралдарының арасында ақпарат сақтау, беру және өңдеу елеулі орын алады.
ЭЕМ – бұл ақ электр сигналдарын қолданып, ақпаратты өңдейтін әмбебап есептеуіш машина.
Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған. Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат кодталған түрде болуы керек.