+4 дауыс
27.5k көрілді
Былай басталады Баласы келген күннен бастап-ақ Жөкеңде ес қалған жоқ. Дабырлап-ақ жүр. Баласы мен немересін , келінін , кезек-кезек айналып-толғанады. "Шәден , Шәріп , Шәден " деп адасып жүрген немересінің аты Шеген екен

4 жауап

+1 дауыс
Әдебиет пәнінен мазмұндама ма?  басы былай : Баласы келген күннен бастап-ақ Жөкеңде ес қалған жоқ. Дабырлап-ақ жүр. Баласы мен немересін , келінін , кезек-кезек айналып-толғанады. "Шәден , Шәріп , Шәден " деп адасып жүрген немересінің аты Шеген екен ....
Осы мазмұндаманың жалғасы қалай
0 дауыс
Елдің бәрі таба алмай жүрген мазмұндама екен өзі, менде соны іздеп отырм. Ол қандай өзі таптындар ма?
0 дауыс
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан сол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң бір шие, сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын, аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаласың, деді.
0 дауыс

Әкешім — асқар тауым

Құрметтi, әкелер, Сiздердiң назарларыңызға!

«Ана — сая болар бағың болса,
Әке — асқар тауың» дейдi қазақта.
Бiр күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бiр күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлi ол шаңырақ сәттi болсын, сәтсiз болсын,
«Әке» деген сезiмдi ұмытар кiм, — дейдi бiздiң халқымыз.

Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.

Ер бала әкесiмен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бiр әрекет жасау үшiн әуелi әкесiмен сырласады. Ер баланың өсiп, жетiлiп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенiң атқарар еңбегi ерекше. Қазақ халқында «Бiр бала бар — атадан өте туады, бiр бала бар — керi кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негiз қалайтын да әкенiң өзi.

Ер адамдардың көбi ұл баланың туғанын асыға күтедi. Бұл түсiнiктi жағдай: ұлды өзiнiң жалғасы ретiнде көредi, ұлға дәулетi болмаса да (бiрақ кейбiр кезде дәулет туралы да сөз болады), өзiнiң өнерiн, шеберлiгiн, бiлiмiн мирас етiп тастап кетем деп үмiттенедi.

Әке мен ұл баланың арасындағы қарым-қатынас

Нағыз ер жiгiт –өзiн-өзi ұстай алатын салмақты, қарсыласына тойтарыс бере алатын ержүрек, әрқашан әлсiздерге көмектесiп, әдiлдiктi жақтайтын адам.

Дәл әкенiң өзi ұл баланың бойына ерте жасынан бастап осы қасиеттердi қалыптастыруы тиiс. 3-4 жасынан бастап-ақ жасаған қылықтары үшiн жауап беруге, «Еркелеме, нағыз ер жiгiн олай iстемейдi, сен сабырлы болуың керек» деген сияқты өзiн-өзi қадағалау дағдыларына баулу керек. Бала қиыншылықтарға шыдамды, оларға қарсы тұра алатын, қажет болған жағдайда ауыруға төзiмдi болуы тиiс. Осылайша болашақ ер азаматтың негiзгi қасиеттерi қалыптасады.

Ең маңызды сәт: нағыз ер жiгiттi тәрбиелеу өзiңiз көрсеткен үлгi арқылы ғана тиiмдi болуы мүмкiн. Әкесi баласын тек қана шындықты айтуға үйретедi, ал өзi телефонмен сөйлескенде баланың шешесiн «Менi үйде жоқ деп айтшы», — деп сұрайды. Әкесi баласын сабырлы, шыдамды болу керек деп үйретедi де, өзi баланың шешесiне қатты ұрсуы мүмкiн бе? Сондықтан бала сөздердi есiне сақтамайды, өнеге көрсеткен үлгiнi есте сақтайды, және де өмiр бойы жадында сақтайды. Бұл дегенiмiз: ең бiрiншi өзiңiз өзгерiп, жауапкершiлiктiң маңыздылығын қабылдап жетiлiп отыру керек.

Әке — үлгi тұтар өнеге.

Әке, қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн нағыз ер жiгiт өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Бұл, әке өз баласына ең жақсы деген тәлiм-тәрбие берем десе өзiнiң зиянды дағдыларынан бас тартып, өз тәртiбiн мұқият қадағалайды деген сөз.

Құлпырып өсiп келе жатқан жас ұрпаққа әкесiне деген шексiз махаббат қана емес, одан басқа жетелейтiн шексiз құрмет, сыйластық болған өте маңызды. Әкесiнiң жүзу, мылтықпен ату, отын жару бiлуi. Жалақысының жеткiлiктiлiгi. Сабырлық сақтау қабiлетi. Осылардың бәрiн есте сақтап, бала өсе келе әкесiнiң соңынан тәртiбiн ғана емес, сонымен қатар киiм киюiн, түр-сипатын, жүрiс-тұрысын бәрiн қайталайды. Егер осыны байқасаңыз — мақтана аласыз, Сiздi балаңыз жақсы көредi әрi өте қатты сыйлайды, мақтан тұтады.

Әкенiң қаталдығы, талаптылығы шектелген болуы тиiс. Ұлы қандай жағдай болса да, әкесiнiң оны жақсы көретiнiн, қашанда түсiне алатынын нақты бiлуi тиiс. Мынадай бiр эксперимент өткiзiлген екен: ұлдардың үлкен бiр тобы психологтармен екi лагерге бөлiнген екен — бiреуiнде әкелерiмен әрқашан қиыншылықтары, табыстары туралы бөлiсетiндер жиналыпты, ал екiншiсiнде — бөлiскiсi келмейтiндер немесе бөлiсуге қорқатындар жиналыпты. Психологтар таң қалыпты — бiрiншi лагердегi балалар «еркек» типi бойынша, ал екiншi лагердегi балалар «әйелдер» типi бойынша дамып келе жатқан екен.

Ұрпақ тәрбиелеу мәселесi о заманда да билердiң көңiлiнен тыс қалып қоймаған. Бөлтiрiк шешеннiң:

«Алдындағы ағаның етегiн баспа, жолын қу,

Артыңдағы iнiңнiң бетiн қақпа, белiн бу» деген, ел iшiнде мақал болып кеткен сөз тiркесiнiң қаншалықты терең тәрбиелiк мәнi бар.

Ұқсас сұрақтар

...