Адам өмірде өз дегені орындалмаған сайын, оған өкпелеген сыңай танытып, жатып алуы мүмкін. Әрине, оны өзі де біле бермейді, іштей арпалысумен жүреді. Өмірде жоқ нәрсені армандайды да, соны күткендей, ол келетіндей күйге түседі. Негізі армандар орындалады, тек қимылдау керек. "Жүргенге жөргем ілінеді" деген, өмір - қимыл-қозғалыстан тұрады. Алыңызға мақсат қойыңыз, соған ұмтылыңыз, сонда жалқаулығыңыздың қайда қалғанын өзіңз де ұқпай қаласыз))
Осыған орай бір мысал келтіре кетейін: "Ертеде бір бай өмір сүріпті, оған кереғар ауылда бір еңбеккер шаруа да өмір сүрген екен. Ол диқаншылықпен айналысыпты. Күндердің күнінде бір "тұмау" (ауру) делебесі қозып, адамдардың ішіне кіріп алмақ болып ниеттенеді. Келе жатып әлгі ауылға кез болады да, егін егіп жатқан шаруаның қонышына кіріп кетеді. Шаруа оған қарасын ба, мақсатына жету керек, ауруға уақыты да жоқ еді. Ал тұмауға жылы, қимылсыз, қараңғы жер керек. Әрі-бері әурелегенге болмаған соң, одан шығып әлгі байға келеді де қонышына жатып алады. Байда қызық, ауырдым деп бәйбішесіне байбалам салып, бәйбішесі оны қабат-қабат орап, жатқызып қояды. Соңында ауру меңдеп, ол дүниеден өткен екен."
Бұл басқа қолданушының жауабы болатын. Сөздерін тыңдағанда шабыттанарлықтай көңіл күйқалдыратын болғасын осында көшірдім.
Ақпарат мына сілтемеде.