+1 дауыс
Аллигатор деген не? Білсеңіздер жол көрсетіп жіберсеңіздер?
30.09.2013 1.8k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Аллигаторлар (лат. Alligatoridae) — қолтырауын отрядының үш тұқымдасының бірі. Аллигаторлар төрт туыс, 7 түрге бөлінеді. Оның үшеуін (Caiman, Melanosuchus және Paleosuchus) каймандар деп атайды. Денесінің ұзындығы 1,5-6,3 м, салмағы 85 кг-ға дейін жетеді. Тұмсығы жалпақтау, әрі қысқа, алдыңғы аяқтарының саусақтары арасында терілі жүзу жарғағы болады. Аналықтары20-60 жұмыртқасын арнайы жасалған ұяға салады. Аталықтары өздері тіршілік ететін жерлерді қорғайды, ұрпақтарына қамқорлық жасайды. 85 жылдай өмір сүреді. Ересектері балықтармен, бақалармен т.б. омыртқалы жануарлармен, балалары ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Аллигаторлар Солтүстік, Оңтүстік Американың, Қытайдың тұщы су айдындарында тіршілік етеді. АҚШ-та, Кубада Миссисипи (американ) аллигаторын арнайы фермаларда қолдан өсіреді. Қытай аллигаторы Янцзы өзенінің төменгі сағасында таралған. Аллигаторлар бағалы терісі үшін ауланады. Санының күрт азаюына орай, қатаң қорғауға алынып,Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Ақпарат көзі: Міне

30.09.2013
+3 дауыс
Аллигатор деген кракодилдың бір түрі...

image

image

image

image
30.09.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,989Қолданушы