Менің жасым 28-де. Тұрмыстамын 5 жыл болды. Әлі баламыз жоқ. Жолдасым басында бәрі жақсы болған. Бірақ қазір "сенің пайдаң жоқ", "сен мұндай екеніңді білсем үйленбес едім" деген сөздерді жиі еститін болдым. Жаным ауырады. Мен 5 жыл бойы қаралмаған ауруханам, ішпеген дәрі, ішпеген шөп қалмады. бақсыларға да бардым. Нәтижесіз. Жолдасым ішкен сайын мазамды алатын болды. Ажырасайын десем, осы күнгі жеткізген ата-анамды жерге қаратқым келмейді. Анам мен әкемнің ел алдында еңселері биік, бастары тік болса екен деймін. Бірақ, күннен күнге өзімді жегідей жеп біттім. Кейде мен не үшін өмір сүріп жүрмін деп ойлаймын. Өзімді бір сорлы адам сезінемін. Аллаға не жазып едім мені осылай қинайтындай? Әбден шаршадым, өмірдің мен үшін еш қызығы қалмады. Өтінемін, тығырықтан шығудың амалын көрсетіңіздерші.