+1 дауыс
20.4k көрілді
Тілім менің тірегім. Жаспарымен бірге жазылған мазмұндама ?

1 жауап

0 дауыс

ТІЛІМ МЕНІҢ, ТІРЕГІМ

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім

а) Тілім - мақтанышым

ІІ.Негізгі бөлім

ә) Ана тілім - байлығым

б) Қазақ тілінің мәртебесі

ІІІ.Қорытынды бөлім

в)Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім

 

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

   Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

   Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

   Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, Қырым татары, қарашай, балқар, құмық және т.б. тілдері.

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілінің байлығы, көркемдігі ауыз әдебиетімізден, ХV-ХVІІІ ғсырлардағы жыраулар поэзиясынан, би-шешендердің сөздерінен, Махамбет, Дулат, Мұрат толғауларынан бастап байқалды. Тіліміздің жаңа көркемдік деңгейге жетуіне Абай ұлы үлес қосты. 

Қазақ тілі – мемлекет құрушы этностың тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Тiл саясаты туралы тұжырымдамасы (1996) және осыларға негiзделген Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы Заңы (1997) республикадағы тiлдердiң ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретiнде қызмет етуiн және тiл алуандығын көздейдi. Республикада мемлекеттiк тiл ретiнде бiр ғана тiлге – қазақ тiлiне конституциялық мәртебе берiлiп отыр. ҚР-да қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде қызмет етуiнiң бiрнеше алғышарттары бар. Атап айтқанда, сол тiлдi қолданушылар санының жеткiлiктi болуы, табиғи және табиғи емес тiлдiк ортаның болуы, Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қызмет етуi және ауызша әрi жазбаша түрде қызмет етуi сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тiлiнiң құрылым-жүйесi жетiлген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрi бар ұлттық тiлдердiң бiрi ретiндегi iшкi тiлдiк факторлардың болуы қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде қызмет етуiне мүмкiндiк бередi. Мiне, осы айтылғандардың барлығы қазақ тiлiнiң Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл ретiнде қызмет етуiне аса қажеттi алғышарттардың жеткiлiктi және қазақ тiлiнiң iшкi әлеуеттiк мүмкiндiктерiнiң мол екенiн көрсетедi.

   Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

   Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Шығармамды ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңімен аяқтасам деймін:

 

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 

Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады. 

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 

Күндей күшті, күркіреген ел тынды. 

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, 

Батыр, хандар – асқан жандар ұмтылды! 

 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, 

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың! 

 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім, 

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа 

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!                 

 Мағжан Жұмабаев

 

...