+1 дауыс
33.6k көрілді
Цензура деген не? Инетке қатысты ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Цензура - дегеніміз, шығарманың белгілі бір қалыптан ауытқымауын бақылап електен өткізіп отыру десек болар. Кешегі КСРО кезінде қандайда болсын жазба мемлекет ұстанған саясат аясынан аспау керек болды, міне осы жерде цензура өз қызметін жақсы атқарды. Мен өзім цензураны қолдайтын сияқтымын, шығармаға қысым түрінде емес әрине, сол шығарманың мәдениеті болып, анайылықтан сақтау жолында болса деймін. Қазір біздің мемлекетте де цензура өз қызметін атқаруда, бірақ әлсіз сияқты. Цензура әлемге әлі интернет аты мүлдем таныс емес уақыттарда да болған, ал енді интернетцензура өз жемісін бере қоймас деп ойлаймын.

+2 дауыс
Интернет-цензура (ағылш. «Internet Censorship») дегеніміз - интернет жүйесіндегі басылымдарды немесе ақпараттарды бақылау және шектеу. Сондай-ақ ол тек қана шектеу немесе веб-ресурстарды жабу ғана емес, трафикті сараптау, жалған оппозициялық сайттарды ұйымдастыру және сайттың иелері мен авторларын қысымға алуға мүмкіндік береді.
+2 дауыс
цензура міндетті түрде қажет әрекет... әрбір тақырыптың көтерілу шыңы мен тыныс алып, оқушысына ой түрткі болар ұшқыны не болмаса шоғы болуға тиіс мазмұнды реттеп, қолдап отыруы үшін қажет деп ойлаймын. ұрыс сөздер мен балағаттау болмағаны дұрыс. эмоцияға, әсіресе еркек азаматтардың ерік бермегені, ұстамдылық пен төзімділік, бірақ сөз өнерінің өткір қару екенін естен шығармағаны дұрыс деп ойлаймын... бұл әрине өз пікірім...

бұрынғы заманның билері мен төрелерінің ішінде салиқалы, орынды әрі дәл айтылған сөз бағалы болған. ғаламтор аясында бірін-бірі жерден алып жерге салу, балағаттауға жол берілмесе екен құрметті оқырмандар. аман сау болайық! ой алмасайық. ақылдасайық! талқыласайық!
+1 дауыс
Цезура музыкаға да байланысты. Құрылым арасындағы шекараны цезура деп атайды. Оны  v- әрпімен белгілейді.
...