0 дауыс
384 көрілді
Маман дәрежесіне өту үшін қанша балл керек?  Мен мына жерден МАМАН деген сөзді көріп тұрған жоқпын?

- Профессор - 4,000 балл

- Данышпан - 3,000 балл

- Доцент - 2,000 балл

- Кандидат - 1,500 балл

- Ойшыл - 1,300 балл

- Шебер - 1,200 балл

- Аға оқытушы - 1,000 балл

- Оқытушы - 750 балл

- Мұғалім - 500 балл

- Студент - 300 балл

- Оқушы - 150 балл

- Бүлдіршін - 100 балл

Маман деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

 

Маман дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген пікірді өңдей алады. Яғни егер сіз маман дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған пікірін қадағалап отырасыз. Сайт ережесіне қайшы келетін пікірлерді өңдеп, ескерту беріп отырасыз.

 

Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Маман дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқыды, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Редактор дәрежесіне жоғарылата алады. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді маман талқылауға шақырылады.

 

Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Редактор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады. (маман дәрежесіндегі қолданушы бірден модератор болуына өтініш білдіре алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)

 

Ескерту: маман дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны қарапайым қолданушы дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және маман дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сенің мына айтып тұрғандарың атақ-дәрежелер. Ал Маман, Редактор, Модератор дегендер қолданушының түрлері. Ондай болу үшін, сайтта белсенді болып Админге өтініш білдіресің.
Админге қалай өтініш білдіреміз? Өзі Админді қайдан табуға болады? Оның Admin  деген аты қайда жазылып тұр?
https://surak.baribar.kz/message/Admin мына жерден өтініш білдіресің
+1 дауыс
Маман деген бұдан бөлек. Бұл жазылғандар сенің атақ-дәрежең. Маман деген сайтта атқаратын қызмет. Маман болу үшін ең бастысы балл емес. Маман болу үшін сайтқа тіркелгеніңе кем дегенде 2 ай болуы қажет, жасың 15-тен асуы керек, ЖЖ деп танылған жауаптарың 30-дан кем болмауы керек. Сонымен қатар сайтта белсенді болып, қатесіз, сауатты жазуың керек. Осы талаптарға сай келсең Админге немесе кез-келген модераторға маман дәрежесіне көтеру жайлы өтінішіңді айтсаң болады.
Елжан, менің анкетама кіріп көріп жіберш, годен я или нет?)))
Сенің ЖЖ деп танылған жауаптарың 6 ғана. Ол 30-дан кем болмауы керек. Админмен байланысу үшін сайттың төменгі жағында Кері байланыс деген бөлім бар, соған өтіп Админмен хабарласа аласың.
+2 дауыс
Маман немесе басқадай дәрежелер алу үшін осыншама бал алу немесе мынандай талаптарға сәйкес келу керек деген қатып қалған ереже жоқ. Тек қана сайттың игілігі үшін жұмыстансаң ғана қарапайым қолданушы дәрежесінен көтеріле аласың. Десе де бұдан кейін саған жүктелер міндеттер көбейеді. Атап айтсақ: өзге қолданушылардың жауаптарын не сұрақтарын жөндеп, қате жерлерін айтып ескертпелер жазуың қажет.
...