0 дауыс
38.5k көрілді
Достар өтінем маған мына тақырыптарды тауып бересіздер ме? Уақыттарыңыз болса толық өтінем ерінбеңіздерщі "Ауру қоздырғыш қарапайымдар : дизентриялық амеба,безгек паразиті. Дизентриялық амебаны жұқтырудың алдын алу.Безгек ауруы таралған аймақтар.Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. ең болмаса 1-2 тақырып жазыңыздашы? Өтінем

1 жауап

0 дауыс

 Жалпы біржасушалы жәндіктер екі топқа бөлінеді:

1. Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылар

2. Адам мен жануарлардың әртүрлі мүшесінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі аурулар тудыратын біржасушалылар.

Еркін жүріп тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындардың табиғатта және адам өмірнде өзіндік маңызы зор. Бұлардың көпшілігі бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Мысалы жасыл эвленаны санитарлық жәндік деп аталу себебі, ол суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақ шаяндарға, біржасушалы жәндіктерге , балықтар мен шабақтарға, басқа да су жәндіктеріне қорек болады. Біржасушалы жәндіктердің қалдықтарынан су түбіндегі шөгінді құралады. Геолог ғылымдар осы шөгінділер жинақталған жерлерде мұнайдың мол қоры болатындығын анықтаған. Топырақ түзуге де өз үлестерін қосады.

Қарапайымдардың ішінде адам өмірі мен жануарлардың әртурлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Соларды мына кестеден қарап , толықтырайық.

Паразитті тіршілік ететін жәндіктер

Жәндік аты

Тудыратын ауру аты.

Жұқтырушы орта

Дезентерия амебасы

Қантышқақ ауруы

Жуылмағанн көкөніс, лас су

Безгек паразиті

Безгек ауруы

Безгек масасы

Трипанасома

Адамда ұйқы ауруы

Жылқыда кілеңкі

Сиырда су ауруы

Сона, қандала, цеце шыбыны

Лейшмания

Лейшманиоз

Құм шіркейі

Құртамыш

Кокцидиоз

Лас қол, лас су

Лямблия

Лямблиоз

Лас, қайнамаған су

Трипанасома жұлын сұйықтығында, қанда паразиттік тіршілік етеді. Қаннның қызыл түйіршігін бүлдіріп, адамда, малда жұқпалы ауру туғызады. Таратушылары сона, қандала, цеце шыбыны. Табиғаттағы иесі киік. Адамда ұйқы ауруын, жылқыда кілеңкі ауруын, сиырда су ауруын туғызады.

Безгек паразиті тасмалдаушысы безгек паразиті. Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді. Бір түйіршіктен екіншісіне ауысқанда ауру ұстайды. Қазір бұл ауруларға қарсы хенин, акрехин дәрілері жасалған. Безгек қарапайым безгек жәндік безгегі арқылы өріс алатындығын, сол қоздырғышты ауру қанынан тұңғыш рет 1879 жылы орыс дәрігері В. И. Афанасьев байқап, оны 1881 жылы француз ғалымы Лаверан қуаттады. 1900 жылы италиан зоологы Батиста Грасси безгек ауруын тек безгек масасы арқылы таралатындығын тәжірбие арқылы дәлелдеді.

Құртамыш спора арқалы көбейетін біржасушалы жәндік, ішек, бауыр, бүйрек, т.б. мүшелердің жасушаларын зақымдай отырып кокцидиоз деп аталатын ауру туғызады.

Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек орын, киімді, ыдыс аяқты, азық түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдарадың көбейіп кетуіне мүмүкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.

БЕКІТЕМІН

 

ПӘНІ

Биология

КЛАСЫ

7

 

   МЕРЗІМІ

ТАҚЫРЫП

Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

МАҚСАТЫ

Ауру қоздырғыш қарапайымдылардың түрлерімен таныстыру. Дизентерия амебасының жұқпау жолдарын сынып жағдайында талқылау. Жалпы ауру тудыратын қарапайымдылармен күрес шараларын қамту.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Өз-өздерін көрсете алады;

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Сынып оқушыларымен  қарым-қатынастары өрбиді;

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

Экологиялық білім беріледі.

КЕЗЕҢДЕРІ

РЕСУРСТАР

САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ

БАҒАЛАУ

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Биология оқулығы

 

Сабақ амандасып, сынып оқушларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәтін «Ормандағы жануарлар» биімен бастау.

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

(3 минут)

«Интернет желісі» материалдары

        Мұғалім тарапынан сабақ тақырыбы таныстырылады. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты айқындалады.  Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға блиц сұрақтар қойылады:

 

  1. Қарапайымдылар тудыратын ауруларға мысал келтіре аласыңдар ма?
  2. Амебаның дене піші мен безгек паразитінің дене пішінінде айырмашылық бар деп ойлайсыңдар ма?
  3. Бұл жағарыда аталған қарапайымдылар адам организміне қандай кері әсерлерін тудыруы мүмкін?

Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады

Үш шапалақ

Мағынаны тану

(15 минут)

 

 

 

 

 

 

 

(15 минут)

Биология оқулығы

 

 

 

        Өткен тақырып бойынша стикерге «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтарын жазып, тақтаға жапсырады.

 

«Алты қалпақ» әдісін пайлана отырып оқушылар:

 

Ақ (ақ бұлттар)-  фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру (Амеба, безгек паразитіне сипаттама)

Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

(Адам қарапайымдылар тудыратын ауруды жұқтырған жағдайда қандай күй кешеді?)

Қара (тұман)– негативті ойлау (Қарапайымдылар табиғатқа қай жағдайда да зиян. Күресу шаралары).

Сары (күн)- оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар,  ұсыныстар (Қарапайымдылардың табиғатқа тигізер пайдасы бар, өйкені.....)

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар (Қарапайымдыларға байланысты бес жол өлең немесе оларға қатысты мақалдар айту)

Көк (аспан)– жоғары деңгейдегі  жалпы көзқарастарды,  білдіреді, қорытындылайды (Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы).

 

«Капитан» ойынын сынып оқушыларын сергіп алу мақсатында бірлесіп

жасау.

 

 

Жекеленген оқушыларға көмек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикер арқылы бағалау

 

 

 

 

Фактілерді

Баяндайды.

 

Мадақтау.

Үш шапалақ

 

Рефлексия

(10 минут)

 

 

 

«Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекіту

Қабілетті оқушы  мен деңгейі төмен оқушыны анықтау

2-жұлдыз,

1-тілек.

 

 

Қорытындылау

 

Үйге тапсырма: «Көзбен көретін айғақтар» тапсырмасына тақырыпқа қатысты фотосуреттер әкелу.

(Үй тапсырмасын келесі сабақта осы арқылы бекіту)

 

...