Үлкендердің сөзі: "Бұрын ең қадірлі, ең құрметті, ең пайдалы мамандық мұғалімдік еді, ал саудагерлерді сыйламайтын. Ал қазір керісінше саудагермен дос болсаң өлмейсің, саудагер Құдайдан да жақын, ал мұғалімдер көрге сүйрейді, балаларың арқылы қысып ақша сұрайды, бір мектептің өзіне ақшаңды сыпырып алады, мұғалімдерде иман жоқ деген түсінік бар. Бес саусақ бірдей емес, ынсапсыз мұғалім болады, жақсы мұғалімдердің ішіндегі ең жақсысы да болады."
Жастардың сөзі: "Тілін тапсаң, ақша тілінде сөйлесең барлық мұғалім саған Құдай түгілі ата - анаңнан да жақын болып кетеді."