+2 дауыс
1.8k көрілді
Сәлем достар! Телефонның sim карта салатын жеріне басқа карта ауыстырып саламын деп бұзып алдым. Негізі қазіргі кейбір телефондарға салынып журген арнайы қырқылған sim карта салып көрген едім, алынбай кеткен соң қаттырақ тартып қалып едім, бір сары жезі үзіліп кетті. Қандай sim карт салсам да режим без sim карт деп тел істемей тұр. Ол жөндеуге келе ме енді? Осындай жағдайға түскендер бар шығар. Нақты жауап күтемін. Алдын ала рахмет.
Жауаптарға рахмет . Өзім жөндей алмадым. Телефон жөндейтін жерге алып барсам  жаңасын салып беру 3000т , ал сол жез қойып қалпына келтіру 1500т дейді. Жарты сағатта жөндеп берді. Байқағаным сол аралық ішінде 9адам келіп соткаларын көрсетіп 4-еуі жөндеп қойыңыз деп тастап кетті. Айтайын дегенім ұялы тел ремонттау әжептәуір табыс көзі екен. Ең бастысы -адал еңбек.  Жігіттер сондай курсты оқып алып жұмыс істесе болады екен қосымша.  "Олимке ставка тіксем ақша тусе ма", " тез арада қалай ақша табам" деп жеңіл табысты қиялдап отырғанша...

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Менде бұндай жағдай бұрын болған бірақ мен өзім жөндеп алған болатынмын. Сол сынған сары темірін сынған орынындағы қалған сары темірге тигізіп қойып және сим картаға тиетіндей қылып қойып жасап алғанмын. Солай істеп кетті. Егер сары темір жетпесе істемей қалған телефондардан сындырып алсаң болады. Нақты жауап бердім деп айта алмаймын. Сонда да бір пайдасы болар деген үмітпен жазып отырмын.
+2 дауыс
Болады, үйіңізге ең жақын ұялы телефондар жөндеу пунктіне барсаңыз болды, бағасы телефон маркасына байланысты болар. Маған Самсунг фирмасының телефонындағы дәл осындай ақауды жөндету 2000 тг. түсті.

Ұқсас сұрақтар

...