Данашым,жазушы боламын деген ниетің бар екен,талабыңа нұр жаусын.Бірақ кітап жазу үшін уақыт пен тыныштық өте аздық ететін сияқты.Мен сенің жасыңның қаншада екенін білмеймін,сондықтан да ақыл айтудан аулақпын.Өз түсінігім бойынша кітап жаза салу деген оп-оңай шаруа емес ау деп ойлаймын.Таңдаған тақырыбың да жеңіл емес сияқты,өмір туралы жазу үшін адамның өзі сол өмірдің ащы-тұщысын көріп,сезініп және соған таланты сай болып тұрса ғана бірнәрсе шығуы мүмкін.Мысалы Н.Островский:- "Құрыш қалай шынықты"-романын өз басынан өткен қиындықтарынан алып,көркемдеп жазған,сондықтан да ол сондай дәрежедегі роман болып шықты. Сен мектеп өмірі жайлы жазбақсың ба? Ойланып көр,Б,Соқпақбаев атаңның -"Менің атым Қожа"-романынан артық,не болмаса сонымен қатар тұра алатын кітап жаза аламын десең канікей,тоқтама жаз.Болмаса қазір іні-сіңлілеріңнің ұғымына лайықтап әңгімелер жазып байқа,жақсы жазып жатсаң,қаламың ұштала келе кітап та жазарсың,кім біледі.Келешекте сені атақты классик жазушылар қатарынан көруге тілектеспін.