0 дауыс
803 көрілді
Үй тапсырмасына кентавр жайлы барлық білген қызықты мәліметтер әкеліңдер деді?

2 жауап

0 дауыс


Әлемнің әр қиырында, жақпар тастарға, үңгір қабырғаларына ес білмес ескі заманда салынған суреттер жиі кездеседі. Бұл не сонда? Абұйырын жапырақпен жауып жүрген ежелгі жандар керемет суретші болған ба? Әлде бұл өзге өркениеттің қолтаңбасы ма?
Дегенмен ғалымдардың соңғы кездегі айтқандары осыған келіңкірейтіндей. Бір қызығы, зерттеушілер мына бір нәрсеге көбірек көңіл аударған. Америка, Австралия, Қытай және Араб елдеріндегі үңгір жартастарға ойылған, тіпті Қазақстандағы «Тамғалы» тастағы жартасқа шекіп салынған суреттердің көбінде басы адам, денесі жануар (кентавр), я болмаса басы бұқа, дене тұрқы адам болып келетін сызбалар орасан көп. «Бұл не, баяғы адамдардың қиялының ұшқырлығы ма, әлде басқа ма? Жер шарының әр түкпіріндегі ертеде салынған суреттердің бір-біріне ұқсастығы кездейсоқтық па, әлде...?». Ғалымдардың басын қатырып отырған мәселе осы. Мәселен, Австралияның құмды шөлдерінен табылған үңгір қабырғаларындағы суреттерде кентаврлар бейнеленген. Бір қызығы, нақты дерекке сүйенсек, бұл тас ғасырында қашалған сызбалар кезінде Австралияда ат болмаған. Сонда ол жердің тұрғындары аттың суретін қалай ойлап тапқан? 1960 жылы Қырымда жол салып жүргендер, трактормен жерді қазып келе жатып, жұмбақ жәшікке тап болған. Жұмысшылар саркофакты ашпас бұрын сол маңда жұмыс істеп жатқан археологтарды шақырған. Саркофак ашылған кезде жапырлап тұрғандар таңғалысты. Себебі табыттағы склеттің басы малдыкі, денесі адамдікі еді... Мұндай «кереметтер» Қытай жерінен де көптеп кездескен. Әсіресе, Перу және Африкадағы ежелгі заманда салынған суреттерде мүйіз басты адамдар көп-ақ. Соңғы кезде ғалымдар осының бәрін зерттеп, өздерінше болжам жасады. Олардың пікірінше, «бұл-көктен түскен жатжұрттық өркениет иелерінің жердегі тұрғындардың ұрығына жасаған түрлі тәжірибелерінің жемісі» екен. Бұған сену, сенбеу өз еркіңіз.
0 дауыс
...