+1 дауыс
2.0k көрілді
шаршаңқылық,жабырқаулық бойымды шаулап бара жатыр.Не істеу керек?

2 жауап

0 дауыс
Демал, өзіңді сергек ұста, өзің ұнататын нәрселерді жеуге ғана тырыс, оңашада отырып ойлан, ең жақын досыңмен әңгімелес, сырлас ( ең болмаса интернеттегілермен болса да). Ең бастысы адамдар арасында өзіңді белсендірек ұста, орысша "будь в центре внимания" дейді  ғой, қазақша баламасын таппай жатырм. "Қазір өзімді сергек ұстайын, кейінірек демаламын" деген сияқты жақсы ойлар есіңнен шықпасын.
0 дауыс

халық емі:

Байырғы уақытта адамдар күш-жігерін көбейту, шаршағанды басу үшін қымыз-шұбат, айранды ішіп, көк майсада таза ауамен тыныстаушы еді. Кейіннен Кеңес кезінде арақ пен сыра атаулы пайда болып, шаршағанды, әлсіздікті сонымен басатын-ды. Ал қазіргі уақытта шүкірлік дейміз бе (өйткені арақ-шарапқа әуестенетін жастар азайып келеді), әйтеуір энергетикалық сусындар жастар арасында «шаршағанды басып, көңіл сарайын ашатын» құдіретті қуаттандырушы болып келеді. Ол «энергетик» – адамның ақыл-ой қызметін жандандырып, әлсіздікті басып, еңбек әрекетін арттыратын сусын. Адамдар ерте заманнан бері рухтандыратын, қалыпқа келтіретін заттар ойлап тауып, қолданған. Мәселен, Таяу Шығыста кофе, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайда – шай, Оңтүстік Америкада – матэ, Африкада жаңғақтар мен кола болды. Қиыр Шығыста, Сібір мен Моңғолияда лимон, женьшень, аралия өсімдіктерінен тұнба дайындап ішкен. Ал энергетикалық сусындарды XX ғасырдың соңында австриялық кәсіпкер ойлап тапқан. Сөйтіп, ең алғашқы көпшілік сусын ретінде «қанаттандыратын» «Red Bull» атты сусын пайда болды. Энергетикалық сусындар кофеині бар, дәрумендері бар және көмірқышқылы бар болып бөлінеді. Кофеині еңбекпен неғұрлым көп шұғылданатындарға, студенттерге, түнде жұмыс істейтіндерге арналған. Ал дәрумені мен көмірқышқылы барлар бос уақытында спортпен шұғылданатын белсенді адамдар үшін. Сондықтан балалар, жастар, тіпті жасы үлкендердің арасында заманауи, «сәнді» сусын деп аталып жүр. Бір жағынан алкогольсіз екендігі қуантады.  Алайда оларды пайдалы деуге бола ма? Шын мәнінде қуаттандыратын күші бар ма? Сан сауалға жауапты, ең алдымен, оның құрамын зерттеуден бастайық.

Құрамы:

Кофеин. Стимулятор ретінде қызмет етеді: 100 мг кофеин ақыл-ой қызметіне әсер берсе, 238 мг жүрек-қан тамырларын қуаттандырады. Бірақ кофеин есірткі секілді өзіне тәуелді етеді. Сол кофеин және қант жас организмге (балалар) қауіпті. Бір банкіде қалыпты доза 23 мг болуы шарт болғанымен, қазіргілерде 80 мг кофеин бар. Бұл денсаулыққа 3 есе зиян деген сөз.

Дамиан, гуарана және женьшень. Олар организмнің шаршау деңгейін төмендетіп, жүйке жүйесінің белсенділігін арттырады. Бұл дәрілік өсімдіктердің көңіл күйді қалыпқа түсіретін қасиеттері бар.  Гуарана жапырақтары бұлшық ет тканьдерінен сүт қышқылын шығарып, физикалық күштің ауырлығын жеңілдетуге, атеросклероздың дамуына қарсы тұрып, бауырды тазалайды.

бұны енді оқырмандар хатынан:Шаршағанды басу үшін

Қатты шаршаған адамның түкке қарамайтыны белгілі. Көңіл жайлап, нерв жүйесін тыныштандыру әдісі бар.
Қайнап жатқан суға лимон шырыны мен шамалы тұз және эвкалипт жапырағы немесе эвкалипт майының тамшысын қосып, суды жайпақ ыдысқа құясыз. Еңкейіп, судың буына мұрын арқылы терең демаласыз. Кезек кезек демаласыз. Жатар алдында бір шәй қасық балға лимон шырынын қосып ішесіз. Келесіде серігіп тұрасыз.

және психологтар:http://www.anck.kz/Galamnyn%20zhumbakh/pag18.htm

күтемін енді за ізденіс+
...