0 дауыс
625 көрілді
Андройд дегенді қалай түсінуге болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Android-ты көпшілік қазір планшет, смартфондармен шатастырады. Негізінде бұл қаншалықты ақиқат?!

Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.

Жаңалану тарихы

2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.

Қазіргі таңда операциялық жүйенің 10 нұсқасы шығып үлгерді және біреуі әзірлену үстінде. Соңғы нұсқасы — 4.0 Ice Cream Sandwich («Брикеттегі балмұздақ»).

Даму тарихы

2005 жыл шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды.

2007 жыл 5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады. 
12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.

2008 жыл 18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.

23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.

SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.

2009 жыл 30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты. 
15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты. 
26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты. 
3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты.

2010 жыл 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған.

мамыр — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты.

жетоқсан — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.

2011 жыл

22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты.
 
15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.
9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады.
19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.

Сын-пікір

Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, C/С++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.

Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін).

Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.

Абырой-атақ

Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б.. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады. 

iOS пен Windows Phone 7-ке қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.

Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.

HTC Dream (T-Mobile G1) — Android ОС базасында жұмыс жасайтын тұңғыш смартфон 

Жүлдерлер мен жетістіктері

PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін «Редакция қалауы» аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.

2012 жылдың маусым айында «Ведомости» газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетіп жатуынан дейді.

0 дауыс
Андроид ол операциялық жүйе,яғни компьютердің Ож-сы Windows болса,смартфондардікі андроид.
...