+2 дауыс
Түнде адамдар неден қорқады? Бір бәле жеп қоя ма? Сосын "Қараңғылықтан" деген жауапты айтпай ақ қойсаңыздар))
24.09.2013 1.7k қаралым

4 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Түн -ұры, қарақшылардың жортатын уақыты болғандықтан. Түн туралы сөздердің өзі қорқынышты ғой."Түн жамылып","қара түнек басып","қап -қара түн". Кішкене кезімізде түнде ұйықтамай кетсек , "дию әкетіп қалады,"бабай жеп қояды" деп қорқытатын. Сол санаға сіңіп қалған бір жағы. Алып шаһарларда болатын қылмыстық істердің бәрі түнде болады емес пе?! Кеш батып, қараңғы түскенде шайтандар шығады дейді атам. Шайтан байланатын бір ақ Ай бар, ол қасиетті рамазан айы.
24.09.2013
Жоқ, жастардың санасы уланған. Ойдан шығарылған монстр, ужас, вампир, жыртқыш, шегіртке, т.б. кино кейіпкерлерінен қорқады түнде. Солай ойлаймын.
+4 дауыс
Адам баласының түнгі мезгілдегі ең жаман қорқынышы ол мынау: басын жастыққа қойған сәтінде мәңгіге ұйықтап кетпеу.
24.09.2013
Келісемін.
+1 дауыс
иа тағы бастырылу да ең жаманы, бастарынан кешкен адам ғана түсінеді бұны
25.09.2013
Негізі бұл сұрақты қойғанда, далада неден қорқады дегім келген. Бәрі де жылы көрпенің айналасына кетіп қалды ғой.)))
жоқ негізі қараңғылық, ужас дегендерден қорқу  жылы көрпенің кезінде  де көп болады. көрпеден аяғыңды шығарсаң біреу аяғыңа жабысатын сияқты болып, аяғыңды шығармауға тырысасың. Бірақ ұяқтап кетіп, бір кезде оянып кетсең аяғың шығып қалған, сосын резко көрпені жауып үлгересің біреу келіп қалмай тұрғанда, как будто көрпені ешкім аша алмайтындай))
+1 дауыс
Қара түнектен қорқады,түнде көрінген зат басқаша қорқынышты болады!Түнде жын-перілер көп қозғалыста болады.
25.09.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы