+2 дауыс
448 көрілді
"Асфальтный казахтар" қашан болса да өз тіліне, діліне, дініне берік қазақтарға оң көзбен қарамайды. Бәріне топырақ шашпайын, бірақ басым бөлігі сондай. Бұл не: комплекстер ма, толыққанды мәңгүрттік пе, әлде орыстарға одан бетер жағыну, жағымпаздану ма?

2 жауап

0 дауыс
Себебі патриот болып жүрген ұлтжандылар "асфальтный" ақымақтарды жақтырмайды.
+1 дауыс

Бұл Кеңес заманындағы саяси принциптің салдары болар.

Ол кезде бірлігі, бауырмалдығы мықты халықты қалай бағындырарын білмей, бір айла шығарды. Ол, бір халықты іштей өзара қарсы қою.

Бір топты қалаға кіргізіп, жағдайын жасап, жақсы қарап, көпшілік топты қалаға кіргізбей, оларды жеккөрінішті, оларды төмен санау арқылы өздерінің психологиялық бағаларын жоғарылатуды көздеді. Барлығы емес және бүгінде заман өзгерді. Бірақ, ескі қалдық жоқ деуге болмайды. Орыстар өздерін жоғары санап, азиаттарды төмен санау арқылы оларды адам құрлы қарағысы келмеді, тіптен, тарихтарын өз қалауларымен өзгертіп, бір-бірлеріне қарсы қойып, ойдан шығарылған түрлі айыптар тағылды. Бұған кейін тек қана орыстар емес, Кеңес үкіметінің саяси идеолоиясын қолдайтындар осы принципті ұстанатын болды. "Чурки, мамбеты" деген терминдер пайда болды.

Бұл саналы, зерделі әрі әділетті адам үшін ақылға сыймайтын жалалар екені айтпаса да түсінікті. Енді қазіргі қоғамда сол өздерін жоғары санайтын, мұрындарын жоғары қоятын адамдарды тек қана аяу керек, оларға қарсы ой қалыптастырып қажеті жоқ деген ойдамын.

Айтады ғой, мысалы неге барлығы қазақша сөйлемейді деп. Бұл дұрыс талап. Бірақ, бүны тікелей басқадан талап ету, басқа адамның азаматтық позициясын сыйламау болар еді. Президент айтады: "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деп. Оның астарында, әр қазақ қоғамның түзелуін өзінен бастасын, білімге, ғылымға, салауатты өмір салтын мен өнерге қызығушылықтарын арттырып, осы арқылы өздерін дәлелдеп шықсын, басқаға жалынбасын дегендей мағына бар деп ойлаймын. Бәрібір, өз тілін сыйламаған адамнан, өз ұлтына деген жанашырлық, салтына деген сыйластық күтіп қажет емес болар. Бұл тек менің жеке ойым.

 

Егер адам өзін қоғамда сыйластыққа лайықты деңгейде ұстай алмай, басқаға талап қойып тұрса, оны ешкім тыңдамайтын сияқты. Сондықтан, намысқа тырысып, өзіміді тік, нық әрі сауатты да білімді тұлға ретінде мойындата біліп, содан соң өз шартымызды қойсақ, бұған келіспегендер кейін келіспегеніне опық жеп қалатын болар.

 

Бұл жерде мәселе тілде емес, мәселе тәрбиеде, мінезде екенін ұмытпайық. Содан кейін барып тіл.

...