+1 дауыс
673 көрілді
Балам 13 жаста. Түнімен ұйқтамай компьтердің алдында отырады. Сабағын жақсы оқиды. Барлығын жасап қойған соң, компьютер алдынан сағат 2-3 дейін кетпейді. Қалайда айтсам, ұрссам да сөзіме құлақ аспады. Не істерімді білмеймін.

11 жауап

0 дауыс
компютеріңді өртеп жіберем,деп ұрыс сонда қоятын шығар,,,,,маған суйдеп айтатын
0 дауыс
Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз, ал балаларда — сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықта көп отырғанда, жамбас мүшелерінде қан айналысының нашарлауына әкеліп соғады, мұның салдарынан — простатит және геморрой пайда болады, бұларды емдеу — ұзақ процесс. Бұдан басқа, қозғалыстың аз болуы май басуға әкеледі. Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады. Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін. мумкин осыны окытып корерсиз бирак окыган бойда компьютерден бас тартпайды уакыт оте келе ойланып компьютердин зиянды екенин тусинетин шыгар деп ойлаймын
0 дауыс
Компьютердi код ка қойып қой, немесе iшiндегi озу шканы алып таста
0 дауыс
Комп.-ка пароль койын немесе жинап тастан
0 дауыс
Үйде кiмнен қорқады соған айтыңыз, немесе әкесiне айтыңыз. Ендi осыдан компьютерде отырғанын көрсем айтпады демесiн деп қорқытсын. Егер оған да көнбесе компьютердi жинап тастаңыз.
0 дауыс
я солай пароль койыныз. бирак казиргинин балдары корыкпайды гой, олем деп озинди коркытпаса. пароль коюын карап алынызда кодка койып койыныз..
0 дауыс
13 жаста болса, ең дамитын шағы екен. Баланы не нәрсеге шектеу қойсаңыз, сол нәрсеге қызығушылығы арта береді. Сол себепті оны пайдалы спортқа беру керек, қосымша сабақтарға қатыстыру керек. Баланың бос уақыты болмаса және компьютерге көп отырмаса, оған деген қызығушылығыда кеми береді. Жекіп ұрсып, компьютеріңді өртеп жіберем деп н/е тағы сол сияқты сөздерді айтсаңыз, ешқашанда мақсатыңызға жете алмайсыз. Ең бірінші, балаңыз қандай пәнге немесе спортқа қызығатынын біліп алыңыз, соған қарай әр түрлі үйірмелерге беруге болады. "Қалауын тапсаң, қар да жанады" , "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады" деп бекер айтпаған, дана халқымыз. Іске сәт!
0 дауыс
Ал сіз енді ұрыспай айтыңыз. Бәрі тыныш кезде, балаңыз компьютерде отырмаған кезде жеке сөйлесіңіз. Сабырлы түрде түсіндіріңіз. Әр нәрсенің өз орны бар екенін түсінуге көмектесіңіз. Сосын оның пікірін тыңдаңыз, компьютерде не үшін ұзақ отыратынын біліңіз. Тіпті шектеу қоймаңыз. Белгілі уақыт қойыңыз. Күніне 1 сағат қана отыруға рұқсат етемін деп. 13 жастағы бала ашық, салмақты әңгімелескенді түсінеді. Ұрысқаннан пайда жоқ! Іске сәт!
Оны тыңдайтын бала барма....
өтпелі кезеңдегі бала ғой. Ұрысып айтқанды ұната бермейді. түсіне бермейді адам болсын деп ұрсып жатқанын. Жай сөйлесіп көру керек.
0 дауыс
компа отырса отыра берсін 2 сағаттай отырсын.Антивирустың родителски контролға қойып жаман сайттарды және ойын сайттарын пароль қойып қойыныз соц.сет кеде қойып қойыныз. сосын өзі жалығып кетеді
Анасы компьютерді өзі білмесе қалай қояды....
өзі қоя алмаса үйінде білетін адам бар шығар.баланың ағасы немесе әпкесі бар шығар.Болмаса програмист немесе комп білетін көршілері ,туыстары бар шығар.Оны қоюдың көп амалы бар ғой.Оларды міндетті түрде қою керек , баланың болашағын ойлау керек.Ол баланы ең дұрысы кішентайынан компқа 1-2 сағат отыр деп тәрбиелеу керек еді.Бұған ата-ана кінәлі болып есептелінеді.Баланы 14-15 жасқа шейін тәрбиелесе ары қарай өзі болашағын ойлар
0 дауыс
Тиме,отыра берсін.Ертеңгі күндері ауру болған кезде,өзі өкінеді.
0 дауыс
Ол баланы ең дұрысы кішентайынан компқа 1-2 сағат отыр деп тәрбиелеу керек еді.Бұған ата-ана кінәлі болып есептелінеді.Баланы 14-15 жасқа шейін тәрбиелесе ары қарай өзі болашағын ойлар
...